Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазалы ауданындағы «Қарлаң» көпірі қайта салынатын болды

Қазалы ауданындағы «Қарлаң» көпірі қайта салынатын болды

  Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қазалы ауданында жұмыс сапарымен болып, ауданға қарасты 8 елдімекеннің ж
ағдайымен танысты. Дарияның арғы бетінде орналасқан Бірлік, Өркендеу, Тасарық, Лақалы, Қожабақы, Бозкөл сияқты ауылдар «Қарлаң» көпірі арқылы өтеді. Көпір арқылы жол қатынасы қиындап отырғанын айтқан тұрғындардың өтініші елеусіз қалмады. Аймақ басшысы аталмыш көпірді салу үшін жоба сметалық құжаттарды әзірлеуге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қуанышбек Досмайылұлы Түктібаев, Қожабақы, Бозкөл ауылдарында да болып, тұрғындармен кездесті. Бұл елдімекендегілер балабақша салынса деген тілектерін жеткізді. Аталмыш мәселені шешу үшін аудан әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы инвесторларды тартуы тиіс екенін айтты Қуанышбек Досмайылұлы.
Мұнан басқа аймақ басшысы Қазалы ауданының шалғай орналасқан Кәукей, Тасарық сияқты ауылдарына да барды. Кәукейдегі күрделі мәселенің бірі жолдың жайы болатын. 1978 жылдан бері жөндеу көрмеген жолды жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы қаралып,«Бозкөл-Кәукей»автожолы жөнделуде.
Облыс әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің ешқайсысы да назардан тыс қалмайтынын айтты. Өңір басшысының Қазалы ауданындағы жұмыс сапары ертең де жалғасатын болады. Қ.Ысқақов аудан орталығынан шалғай орналасқан Шәкен, Майлыбас сияқты ауылдық округтерді де аралап көреді деп жоспарлануда.
Ақапарат үшін: Қазалы ауданында 80 мыңға жуық халық тұрады. 4457 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Өткен жылы ауданға 33 млрд. теңге инвестиция тартылған.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі




10 қаңтар 2020 ж. 592 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1654)

14 шілде 2020 ж.

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 655 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам