Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Рухани деңгейіміздің барометрі

Рухани деңгейіміздің барометрі

  Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін лайықты деңгейде атап өту керектігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында айтқан болатын.  Сондай-ақ, Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде түрлі шаралар ұйымдастыруды тапсырды.
Осы орайда, Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын өз деңгейінде атап өту бойынша дайындық жұмыстары республиканың барлық өңірінде жалғасуда. Былтырдан бастау алған ақын өлеңдерін оқу челленджі жалғасын тауып, дәстүрлі Абай оқулары, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осындай ұлы науқаннан Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі де қалыс қалмай, түрлі шаралар ұйымдасытуды жоспарлап отыр. Қазақтың төлқұжаты, рухани деңгейіміздің барометрі, ел парасатының әрі рәмізі, әрі бақылаушысы – Абай философиясын зерделеу, тереңіне бойлату, материалдық тұрғыда білім-ағарту-таным жүйесімен ұштастыра отырып насихаттау, қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген жастардың ынта-ықыласын арттыру мақсатында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі қорында сақталған құнды экспонаттардан Сыр жұртшылығының назарына «Абай дана – Абай дара қазақта» атты көрме ұсынылады. Қала мектептері оқушылары арасында «Абай сөзінің сәулесі» атты Абай оқулары, «Абайға хат» атты эсселер байқауы, «Абай ізімен» атты жыр мүшайрасы ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, облыстық музейдің аудандық филиалдары да бұл дүбірлі мерейтойға атсалысуда. Атап айтар болсақ, Ғ.Мұратбаев мемориалдық музейінде «Өлең сөздің патшасы» атты жыр мүшайрасы ұйымдастырылса, Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Абай әлемінің сырын ұққан қаламгер» атты абайтанушылармен кездесу, Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты Абай оқулары өткізілмек.
Ұлы ақынның теңіздей терең таланты күн өткен сайын биіктеп, оның әрбір сөзі, салиқалы ойлары жігеріңді жанып, қиялың мен көңіліңді биікке көтерері сөзсіз. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге мәңгі өмір сүре бермек!  Жүрегімізге қонымды – Абай – лебі, Абай – үні, жарқын бейнесі, жалынды жыры мәңгі жасай береді.
Эльзира Сағитжанова,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі
10 қаңтар 2020 ж. 908 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам