Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

«ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ


Фестивальге түркі тілдес 10 мемлекеттен өнерпаздар мен фольклортанушы ғалымдар қатысуда. Биылғы жылдың ерекшелігі - гала-концерт Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды ескерткіш-кешенінің амфитеатрында өтеді.
Онда Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева қобыз бен скрипканың сүйемелдеуімен Қорқыттың күйлерін орындайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі фольклорлық музыкалық өнер фестивалінің ашылу қарсаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.
Фестивальдің меймандары мемлекеттік рәміздер аллеясында, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып, қаланың көрікті жерлерні аралап көрді. Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрі» спектаклін тамашалады. Ертең «Қорқыт ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз әңгімелері және әуендері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысады.
«Осымен 4-ші рет Ел Президентінің қолдауымен Қызылорда облысы әкімдігі және Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлескен фольклорлық музыкалық өнер фестивалі ұйымдастырылуда. Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалды кешенінде гала-концертпен қорытындыланады», - деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ержан Әбдрахманов.
Түркия елінен келген Хаджеттепе университетінің профессоры Озкул Чобаноглы: - «Дәдә Қорқыт туралы болашақ ұрпақ тануы керек. Барлық түркі елдер мемлекеттердің білім жүйесіне Қорқыт туралы пән енгізілсе деген ұсынысымыз бар. Сонымен қатар, Ұлы ойшыл туралы толық зерттеу жүргізе алмасақ, онда біз үшін өз-өзімізге мазар қазғандай боламыз», - деп ойын білдірді.
Ал, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Қорқыт ата мұрасын зерттеу зертханасының» меңгерушісі Қазақбай Дотаұлы «Қобыз аспабын – Қорқыттан бөліп тастай алмаймыз. Бабаның күйлері тек қазақ ұлтында сақталған. Сондай-ақ, терімен қапталған, жылқының қылымен тартылған , қоңыр үнді қобыз тек бізде ғана, - деді.
Белгілі жырау Алмас Алматов та өз ойын білдірді.
«Фестиваль түркі бауырластардың өнерін бағалау, олардың әлемін, мәдениетін танудың бірден-бір – ғылыми трибунасы. Түркі халқына ортақ мәдениет пен музыка арқылы әлемдік мәдениеттің биігіне шығамыз. Сондықтан да, конференцияның алдына қойып отырған салмағы зор. Бұл өнердің ұлы бірлестігіне жол ашу деген сөз». 
Бағдарлама барысында фольклортанушы ғалымдар студенттерге шеберлік дәрістерін өткізеді. Сонымен қатар, олар Қармақшы ауданындағы этноауылдың қонағы болады.
28 қыркүйек 2017 ж. 1 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

№35 (1534)

09 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 283 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам