Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңа заңның жағымды жайы

Жаңа заңның жағымды жайы

    Мұғалімдер мәртебесі өсті. Жаңа жылдың жағымды жаңалығының бірі осы болды. «Педагог мәртебесі туралы» заңда ұстаздар жалақысын көтеруден бастап олардың абыройына нұқсан келтіргені үшін айыппұл төлеуге дейінгі шаралар қарастырылған.
«Педагог мәртебесі туралы» Заң 21 баптан тұрады. Онда ұстаздардың құқықтарын кеңейту, өзіне тән емес жұмыстардан босату, олардың жүктемесін азайту, қызметіне қойылатын талаптарды күшейту, материалдық жағынан қамтамасыз ету секілді мәселелер жан-жақты қамтылған.
 – Заңда материалдық ынталандырудың бірнеше тетігі қарастырылған. Мәселен, дәптерді тексергені үшін төленетін қосымша ақы екі есе артады. Одан бөлек, білім беру ұйымына алғаш рет келген жас мұғалімге бір оқу жылына білім беру ұйымында тәлімгер бекітіледі. Тәлімгерлік үшін – 1 базалық лауазымдық жалақы, яғни 17 697 теңгені құрайды. Педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30-50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы енгізіледі. Ол үшін ұлттық біліктілік тестін тапсырып, кәсіби дәрежені дәлелдеу керек, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.
Заңда көрсетілгендей, алдағы уақытта мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына біліктілік санаты бойынша жалақысы  артады. Ал «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атты құрметті атағы үшін педагогтерге 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы төленбек. Одан бөлек, жыл сайын республикалық деңгейде ұйымдастырылатын «Үздік педагог» марапаты сақталады.
Осындай бағыттарды құраған жаңа заңның құрылуының негізгі мақсаты – педагог мәртебесін көтеру. Десек те, ұлы мамандықтың қадір-қасиетін түсірмеу мұғалімдердің өзіне де тікелей байланысты.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
14 қаңтар 2020 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (1605)

18 қаңтар 2020 ж.

№3 (1604)

14 қаңтар 2020 ж.

№2 (1603)

11 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 076 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам