Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кітап оқығандыкі, білім – тоқығандыкі

Кітап оқығандыкі, білім – тоқығандыкі

   Жыл сайын оқушылар тап осы сынақта сыналады, білімін бағамдайды. Рас, қызылордалық шәкірттердің білім сапасы жыл сайын артып келеді. Мұны олимпиадаға қатысқан әрбір оқушының тапқырлығынан байқауға болады. Осы аптада Сыр өңірінде дәстүрлі облыстық олимпиада өз мәресіне жетті. 13 пән бойынша сынға түскен 337 оқушы арасынан жүлделі орындар анықталды. Ең дарынды балалар республикалық кезеңге жолдама алды.
«Мұрагер» мектебінде өткен салтанатты марапаттау рәсіміне оқушылар мен ұстаздар қатысты. Білім додасының қорытындысы бойынша 161 оқушы жеңімпаз атанды. Соның ішінде 1 орынға 22 оқушы, 2 орынға 50 және 3 орынға 89 оқушы ие болды. Жүзден жүйрік шыққан жасөспірімдерді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова марапаттады.
Сонымен қатар, білім сынында үздік командалар марапатталып, арнайы номинация иегерлері де анықталды. Жалпы командалық есепте үздік көрсеткіш танытып, Қызылорда қаласы «Ең үздік олимпиадалық команда-2020» номинациясын иеленді.
          Сонымен қатар, олимпиада барысында үздік мектептер анықталған. Олардың ішінде «Ең үздік қала мектебі-2020» бойынша үш тілде оқытылатын мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі лайық деп танылды.  
 – Олимпиада – оқушылардың білімін дәлелдейтін алаңы. Олар күнделікті сабақ үстінде үй тапсырмасын айтқанда да сайысқа түседі деп ойлаймын. Осылайша, шыңдалу арқылы мұғалімнің берген білімін қандай деңгейде меңгергендерін дәлелдеп, ой-өрістерін байқатты.
Мектебімізден 10 оқушыны олимпиаданың облыстық кезеңіне дайындадық. Білім деңгейі бәсекеге түскен шақта олар жоғары нәтиже көрсете білді. 6 шәкіртіміз жүлделі орындарға ие болды. Осы тұрғыда оқушы мен ұстаздың еңбегі ерекше, – дейді «Мұрагер» мектебінің директоры Динара Баймырзаева.
Аталған оқу ордасының 10-сынып оқушысы Бақдәулет Жарылқасын осымен екінші рет сынаққа қатысуға шешім қабылдаған. Себебі осы додада шын жүйріктер анықталады. Демек, өзіңнің қаншалықты деңгейде білетініңді дәлелдей түседі.
 – Мен ағылшын тілі пәнінен олимпиадаға екінші рет қатыстым. 9-шы сыныпта облыстық деңгейден өтіп, республикаға жолдама алған болатынмын. Биыл екінші орынға ие болдым. Мен осыған өте қуаныштымын.  Жыл бойы уақытты босқа өткізбей, ұстаздармен ең маңызды сынаққа дайындалдық. Соның нәтижесін көрсетіп, қаншалықты білімді екендігімізді дәлелдей түстік. Бұл білім додасының әділетті өткендігін білдіреді. Бізді жан-жақты дайындаған, ізденуге талпындырған ұстаздарға алғыс айтамын. Алдағы уақытта жетістіктерге жетуге талаптана түсемін, – деді  Бақдәулет Жарылқасын.
Олимпиада жеңімпаздары – біздің мақтаныштарымыз. Осылайша, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімін жетілдіру, дарынды балаларды анықтауды мақсат тұтқан білім додасында озық ойлы шәкірттер өз бағасын алды.
 Ал, «Мұрагер» мектебі –мақтаулы мерейін тағы дәлелдеді.
Айтолқын АйтжановаЫ
14 қаңтар 2020 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам