Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ет тәтті, жаза қатты

Ет тәтті, жаза қатты

  Өткен жыл соңында Парламент қабырғасында бірқатар заң қабылданды. Жыл басында күшіне енген заңдардың қай-қайсысы да қоғам назарынан тыс қалған емес. Мәселен, мұғалімдер мәртебесін айқындаған заң, көлік басқару ережесі, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға енгізілген өзгерістер де елді елең еткізді. Себебі, жаңа заңдар қоғамдағы көкейтесті мәселелерді дөп басты. Соның бірі – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы.
Қоғам назарын аударған бұл заңда «Мал ұрлығы» деген арнайы баптың енгізілуі болды. Себебі, ата кәсіппен күн көрген қазақ үшін баукеспелердің тірлігі жылдар бойғы маңдай тер бейнетін еш ететіні айтпаса да түсінікті. Таңертең өріске айдаған малының кешке аман-есен келуін тілейтін қазақ жаңа заңды естіп, қорасына мал толғандай қуануда. Енді қайтсін? Соңғы кездері даланың қасқыры емес, адамның «қасқыры» малымызды қоймайтын болды дегенді елдегілер жиі айтады. Бұған тосқауыл болар ма екен деген елдің арманы орындалды. Себебі, заң бойынша төрт түлікке тиетіндердің жазасы жеңіл болмайды.
Бүгінде мал ұрлығының жазасы жайында Бас прокурор орынбасары Марат Ахметжановтың пікірін барлық ақпарат құралы жарыса жазуда. Сонымен заң талабы қатал. Мал ұрлаған адам бес жылға дейін бас бостандығынан айыру ескерілген. Егер топ болып, алдын ала сөз байласып, ірі мөлшерде ұрлық жасаса, 7 жылға дейін сотталады. Мал қораға, қоймаға бірнеше рет кіргені үшін –10 жыл. Аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып ұрлық жасаса – 12 жыл.
Енді барымташылықты кәсіп еткендер қора-қопсы айналасынан алыс жүрер деген үміттеміз. Себебі, бұрынғыдай «ет тәттілігін қоймаса, кәсібімді қоймаймын» деген еркелікті заң көтермейді.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
 
14 қаңтар 2020 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам