Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тоспаны жөндеу неге тежеліп тұр?

Тоспаны жөндеу неге тежеліп тұр?

      Дария үстінен салынған Қызылорда облысында 8 көпір бар, оның екеуі Қызылорда қаласына тиесілі. Мұнан бөлек су бөгеу және белгілі арнаға бұру мақсатында Қызылорда, Әйтек, Қазалы, Ақлақ су торабы жұмыс істейді. Оның бірі апатты жағдайда. Яғни, үш жылдың шамасы болды, Қызылорда су тоспасының жұмысы тоқтаусыз, тек көлік өткізу жолы жабық. Неліктен? Мұның мәнісін маманнан сұрағанды жөн санап, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы Қызылорда өндірістік учаскесінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты Жорабек Нұрымбетовке жолықтық.

–Тоспаның тарихын түгендеп алсақ деймін. Байқаймын, біршама уақыттың белесі бар секілді.
Ия, 64 жыл өтті. Тоспа құрылысы 1949 жылы басталып, 1956 жылы пайдалануға берілген. Білуімше, жапон тұтқындары салған. Соғыс жылдарынан кейінгі ауыр кезеңдерде жұмыс ұзақ жүрген.
 – Сонда күрделі жөндеу жұмысы мүлдем жүргізілмегені ме?
Дәл солай. 2008 жылы қытайлық компания тоспаның үстінгі бөлігіне ағымдағы жөндеу жасады. Содан кейін қол бармады.
 – А-а. Демек, апатты жағдайда болатындай уақытты бастан кешірген екен...
2018 жылы көпсалалы тексеру жүрді. Дарияның тереңдігі 11-12 метр шамасында. Сол тереңдіктегі темір-бетон құрылғыда жарықшақ пайда болды. Мұны тексеру нәтижесі көрсетті. Сөйтіп тоспа апатты жағдайда деп қорытынды жасалды.
  – Енді жөндеу жұмыстары қашан басталады?
Тоспа тағдырына алаңдаушылық ертеректе қозғалды. Сол негізбен САРАТС жобасының бірінші кезеңіне ұсыныс жасалды. Алайда Өзбекстан жағы бұған қарсылық білдірді де жобадан қалыс қалды. Жобаның екінші кезеңіне кіргізу мәселесі қолға алынды. Осыған орай Президент пен Үкіметтің біріккен отырысындакелісілді. Бұл Жоғары палата – Сенат тарапынан судың қауіпсіздігі мәселесі қаралып, Қызылорда су торабының сметалық жобасы жасау, оған бюджеттен 100 млн теңге қарау көзделді. Қазір жоба-сметалық құжат мемлекеттік сараптама қарауына берілген. Аталған қаржы бойынша 2020 жылғы республикалық бюджеттен қайта қарау туралы Үкіметке ұсыныс жасалды.
  – Жалпы, сметалық жоба бойынша тоспаның құрылыс жұмыстарына қанша қаражат қажет?
Әрине аз ақша емес, 4 млрд. 462 млн теңге. Қызылорда су торабы стратегиялық маңызы бар нысан болған соң оған барынша мән беру қажеттігі түсінікті де. Егер қаражат жағы шешімі табылып жатса биыл жөндеуді бастауға мүмкіндік бар.
 – Жорабек Ибрагимұлы, өзен суға толы. Мұндай жағдайда құрылыс қалай жүреді?
Сөзіңіздің жаны бар. Күріш алқабы үшін жаз айында дарияда су кемеріне келіп, толады. Мұндай кезде құрылыс жүргізу өте ауыр. Ал, күзге қарай су деңгейі түседі. Міне, осы уақытта мүмкіндік мол. Жалпы, тоспада бес көз болса, соның үшеуі арқылы су жіберіле береді. Екі көзін толық жөндеп болған соң құрылыс жұмысы алмасады.
 – Дұрыс екен. Халықтың назарында тұрған және сауалы көп нысанның тезірек іске қосылғаны жақсы. Ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстың сәті туып, еңбек жана берсін.
Қ.Құрбан
14 қаңтар 2020 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (1605)

18 қаңтар 2020 ж.

№3 (1604)

14 қаңтар 2020 ж.

№2 (1603)

11 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 076 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам