Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көрермен назарына «Абай» спектаклі ұсынылды

Көрермен назарына «Абай» спектаклі ұсынылды

   Қызылордада Н.Бекежанов атындағы облыстық академиялық театрында Ерсайын Төлеубайдың «Абай» пьесасы бойынша қойылған спектаклі көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спектакль белгілі режиссер Хусейн Әмір-Темірдің сахналауымен көпшілікке жол тартты. Онда дала кемеңгерінің алпыс жасқа келген кезеңіндегі өмірі бейнеленеді. Халқының қамын ойлап, көңілін ауыр мұң басқан Абай бейнесін суреттеуде өнер ұжымы өрелі істер атқарғаны аңғарылады. Сол бір ауыр жылдарда кемеңгер тұлғаның бауыр еті - балалары бірінен кейін бірі көз жұмып, қаншама ауыр қайғыны арқалаған еді. Сыр көрермені спектакльден Абай бейнесіне көз сала отырып, данышпан ақынның өмір жолдарына осылайша үңілді. Қойылым барысында Абай рөлін ҚР Мәдениет саласының үздігі Бақытбек Темірбеков жоғары деңгейде сомдай алды. Ал Ділдәні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зағипа Төлепова бейнелесе, Әйгерімді ҚР Мәдениет саласының үздігі Қарлығаш Айтжанова сомдады. Ерсайын Төлеубайдың «Абай» пьесасы бойынша қойылған спектакль өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, тіліміз бен дінімізді берік ұстауға тәрбиелейді. Абай Құнанбаевтың өмірінен сыр шертетін трагедиялық спектакль көрерменнің зор қошеметіне ие болды. Ерсайын Төлеубайдың «Абай» пьесасы Қызылорда театрында жеті жылға жуық уақыттан бері тұрақты қойылып келеді. Ал Қазақстан театрларында кемеңгер тұлғаның өмірі бейнеленген спектакльдер 1940 жылдардан бері көпшілік назарына ұсынылып жүр.

03 ақпан 2020 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 018 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам