Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қала әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Қала әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді

               Қызылорда қаласының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы қалалық Қоғамдық кеңес алдында «Қызылорда қаласында 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен 2020 жылғы міндеттер» туралы баяндама жасады.
Қоғамдық кеңес отырысына қалалық мәслихат хатшысы, қалалық Қоғамдық Кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қала тұрғындарын толғандырып жүрген ең өзекті деген мәселелер бойынша сұрақтарын ортаға салды.
Қоғамдық кеңес төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы қала көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға бағасын берсе, қоғамдық кеңес мүшесі Д. Эшатова әлеуметтік желілерде көтерілген негізгі деген бірқатар мәселелерді көтеріп, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Сонымен қатар, Э.Теңізбаев Қоғамдық кеңес пен қала әкімдігі арасындағы байланыстың ашықтығына ризашылығын білідіріп, Қызылорда қаласының негізгі қақпасы саналатын Темір жол вокзалының қазіргі жай-күйі, оны заман талабына сай жолаушыларға жайлы жағдай жасау туралы мәселені көтерді.
Қала әкімі көтерілген барлық сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерге толық жауап беріп, кейбір ұсыныстар бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмасын берді.
   Жалпы, қала әкімі 15 қаңтардан бастап қалаға қарасты кент, ауылдық округ тұрғындарымен, арнайы екі қоғамдық қабылдау және қаланың екі аймағында, барлығы 13 кездесу өткізді. Әрбір кездесуде қала тұрғындары көтерген ұсыныстарды толық қанағаттандыру үшін қалалық бюджеттен қажетті қаржы қаралып, қаржының басым бөлігі жерлестеріміздің сұранысына сәйкес қаланың шет аймақтарындағы жол мәселесін шешуге және басқа да негізгі қажеттіліктерге бағытталғандығын атап өтті.

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері әрбір атқарылған іске оң бағасын бере отырып, елдің ертеңі үшін маңызды мәселелерді бірлесе атқаруда табандылық танытатындықтарын жеткізді.

06 ақпан 2020 ж. 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 033 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам