Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда әуежайының құрылысы биыл басталады

Қызылорда әуежайының құрылысы биыл басталады

  Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының кұрылысы биыл басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Кызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыстық қоғамдык кеңес алдындағы есебінде мәлім етті. Әуежайды жаңарту, кайта салу мәселесі қызылордалық тұрғындардың көкейінде көптен бері жүрген болатын. Алдағы уақытта жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта былтыр жекеше әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізілді. Конкурстың бірінші кезеңі бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы «BI Civil Construction» ЖШС біліктілік іріктеуден өтті. 2019 жылдың 22 қарашасында серіктестік өз қаржысы есебінен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Нәтижесінде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жасалуда. Биылғы жылдың мамыр айында терминал құрылысы басталады деп күтілуде. «Қазіргі таңда «Қорқыт Ата» әуежайы» акционерлік қоғамы мен «FlyArystan» әуе компаниясының арасында келісім-шарт жасалған. Нәтижесінде наурыз айының ортасынан бірнеше бағытта жолаушыларды арзан бағамен тасымалдау ұйымдастырылады. Сондай-ақ, биыл 29 наурыздан бастап Ресейдің «Аэрофлот» компаниясы халықаралық «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» бағыты бойынша аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі күндері екі арада әуе қатынасын атқарады»,- деді облыс әкімі.

14 ақпан 2020 ж. 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1659)

31 шілде 2020 ж.

№57 (1658)

28 шілде 2020 ж.

№56 (1657)

25 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 810 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам