Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

   Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес №2 «НұрШұғыла» жеке балабақшасы базасында Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін инновациялық технологиялар арқылы дамыту» тақырыбында №2 аймақ әдістемелік бірлестігіне қарасты аймақтық семинар өткізілді.
Бұл шара балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау мақсатында өткізілді.
Аталған шараға «Сыр Медиа» облыстық шығармашылық үйі басшысының бірінші орынбасары Аралбаев Марат Жайылханұлы мен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің бөлім меңгерушісі қатысты.
Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасы аясында 2013 жылы ашылған №2 «НұрШұғыла» жеке балабақшасы 320 баланы тәрбиелеп келеді.
Семинар барысында «Таным» білім беру саласы бойынша «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі мен «Математика әлеміне саяхат» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі көрсетілді. Бұл оқу қызметінде тәрбиешілер жаңа инновациялық технологияларды кеңінен қолданып, жаңа ғасырдағы математика әлеміне аттанды. Математика әлемінде балаларды робот - трансформер күтіп алып, электронды оқулықтармен балалар қызықты математикалық тапсырмаларды орындады.
«Жаратылыстану» оқу қызметінде «Күншуақ» ересектер тобы «Ауа және оның құрамы» тақырыбында қарапайым тәжірибе жүргізді. Оқу қызметі бүлдіршіндерге өте қызықты өтті. Балалар мульт әлеміндегі Фиксики зертханасына тікелей эфирге барып, түрлі қарапайым тәжірибелер арқылы ауа және оның құрамын анықтады. Балаларға құрғақ мұз арқылы тәжірибе көрсетілді.
Сонымен қатар, «Ойын – біліктіліктің қайнар көзі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеде дәстүрден тыс әдістер арқылы жасалған дидактикалық ойындар мен материалдар қойылды.
Семинар қорытындысында қатысушылар ұсыныстары мен ризашылықтарын білдіріп, семинардың жоғары деңгейінде өткендігін айтып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.
04 желтоқсан 2017 ж. 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам