Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жасампаз 25 жыл

Жасампаз 25 жыл

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Шара Достық үйінің алдынан басталды. Келген қонақтарды облыстық этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен жастары «Отаныма мың алғыс», «Жасампаз 25 жыл» тілектерімен  қарсы алды. Салтанатты шараға қатысушылар Достық үйінде әзірленген бірегей экспонаттарды, этностардың ұлттық киімдерін, тұрмыс заттарын тамашалай алды. Кітаптар көрмесін көрді. «Облыстық ҚХА-на 25 жыл» ақпараттық баннерімен, облыстық ҚХА тарихынан сыр шертер естелік сәттері көрініс тапқан фотогалереямен  танысты. Келген қонақтар ұлттық-аспаптар оркестрінің өнеріне риза болып, «Тілектер» талына жүрекжарды лебіздерін жазып, іліп, «Алғыс» тақтасына жазбалар жабыстырды.
Шараның шымылдығы облыс əкімі, облыстық ҚХА төрағасы Қуанышбек Ысқақовтың құттықтау сөзімен түрілді.
- Биыл қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл.
Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейін асыру арқылы, Ел бірлігін нығайта түсетін жыл.
Тәуелсіздік алған тұста еліміз қиын таңдау алдында тұрды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – күрделі кезеңде берекелі болашағымызды бірлікпен байланыстырған дәуірдің белесінде құрылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің құрылған күнінен бастап сан түрлі этнос өкілдерін бір мақсатқа, бір болашаққа топтастыру жолындағы дамудың тезінен өтті.
Ол елдігіміздің қалыптасу, тәуелсіздігіміздің нығаю тарихында, Қазақстан Республикасының Конституциясын жалпы халық болып қабылдауда, терең экономикалық реформалар жүргізуде, сондай-ақ қоғамымыздың әлеуметтік және саяси негізін жаңғыртуда айрықша рөл атқарды.    Бүгінгі күні қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығын қамтамасыз етуге, ортақ үйіміздегі татулық пен бейбітшілікті сақтауға шақыруға бағытталған жұмыстарды жетілдіру маңызды.
Осы орайда, біз қазақы қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінің мызғымас бірлігі мен әрбір азаматтың Отанға деген мәңгілік сүйіспеншілігін одан әрі ұлықтай түсуіміз қажет. «Тату елде тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады», - деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, мерекелік шараға Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы  Константин Бусыгин, РФ Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Ольга Мощеева құрметті қонақ ретінде қатысты. Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы  К.Бусыгин құттықтау сөз сөйлеп, Сыр халқына жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ «Жұлдызды қалашықтан» келген өнерпаздар сахнаға шығып, арнайы əзірлеген бағдарламаларын ұсынды. Шараның тағы бір ерекшелігі корей этнос өкілдерінің қазақтың ұлттық биін, түрлі этнос өкілдері «Сыр сұлуы» әнін әсем орындап, шырқады. Бұл идея талайлы заманда ата-бабамызды құшағына басып, бір нанды бөліскен кеңпейіл, мейірбан қазақ халқына деген алғыс сезімнен туды, - дейді олар.
Тағылымды шара барысында облыстық ҚХА негізін қалауға атсалысқан Ге Хак Рим, Мотель Зелекович, Раиса Ханифовнаның  және Ассамблеяның құрылған жылынан бастап белсенді жұмыс істеп келе жатқан облыстық этномәдени бірлестік жетекшілерінің арнайы бейнеролигі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен бірге, ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем  Жалағаш ауданы Бұқарбай ауылы, Қармақшы ауданы III интернационал ауылдарындағы этнос өкілдерінің жолдаған жылы лебіздері тыңдалды. 
ҚХА атынан сайланған 9 депутаттың бірі, жерлесіміз Наталья Жұмаділдаева да бейнеқұттықтау жолдады. Облыстық ҚХА мен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Шешенстан, Корей Республикалары арасында берік достық байланыс орнаған. Соның айғағы ретінде аталған елдерден жолданған ыстық ықыласқа толы бейнематериалды да шара қонақтары тамашалады.
Алғысқа толы тағылымды шараның соңында этнос жастары «Мекенім Қазақстан» әнін шырқады.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
29 ақпан 2020 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 129 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам