Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Лимон денсаулық сусыны екенін білесіз бе?

Лимон денсаулық сусыны екенін білесіз бе?

   Диетолог-мамандар таза суға лимон тілімін қосып ішуге кеңес береді. Ол ағзаның дұрыс жұмыс жасауына әрі бет терісін жақсартуға септігін тигізеді.
Лимон тілімдері қосылған суды диетологтар «Денсаулық сусыны» деп атайтын көрінеді. Мамандар бұл сусынды күнделікті тұтыну иммунитетті ғана жақсартып қоймай, ұмытшақтық аурудан, анемия сынды дерттерден дер кезінде арылуға көмектесетінін анықтады.
Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алуға ықпал етеді. Өт жолында тастардың жиналмауына септігін тигізеді. Ағзаны зиянды қалдықтардан арылтады. Ол қан құрамындағы токсиндерді жойып, терідегі пигментті дақтар мен безеу, секпіл, әжімнің түсуіне жол бермейді. Сондай-ақ, лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартып қоймай, қан қысымын бір қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Күнделікті таңертең аш қарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп қоймай, бойға күш-қуат пен сергектік сыйлайды. Күйзеліс, көңілсіздіктің болмауына ықпал етеді. Жаздың аптап ыстық күндері бұл шырын шөлден құтқарса, қыстың күні жанға жылулық пен күш сыйлайтын қасиетке ие.
Ол үшін қайнаған 1 литр ыстық суға лимон тілімдерін салып қойыңыз. Суыған кезде аз мөлшерден қабылдай бастаңыз. Кейін қабылдау мерзімін жиілетеңіз. Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша, бұл шырынға 1 шәй қасық бал немесе жалбыз жапырағын қосуға да болады.
ТІЛШІ ТҮЙІНІ: Әрдайым лимон пайдаланып жүріңіз. Сіздерге мықты денсаулық тілейміз!
01 наурыз 2020 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 138 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам