Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚР Президенті: Дамыған мемлекеттер де коронавирустың енуінен қорғанысқа толық кепілдік бере алмайды

ҚР Президенті: Дамыған мемлекеттер де коронавирустың енуінен қорғанысқа толық кепілдік бере алмайды

Дамыған мемлекеттер де коронавирустың енуінен қорғанысқа толық кепілдік бере алмайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтты.
«Біз жағдайды бақылауда ұстауға тырысамыз. Өкінішке орай, ешкім, тіпті дамыған мемлекеттер де вирустың енуінен қорғанысқа толық кепілдік бере алмайды. Дегенмен, дер уақытында қабылданған шаралар оң нәтижесін беріп отыр. Бүгінгі күнгі жағдайға сәйкес, Қазақстанда жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау үшін ең батыл, жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды. Асыра сілтемей әрі дүрбелеңсіз», – деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының айтуынша, коронавирус әлем бойынша өте жоғары жылдамдықпен әрі қауіпті ауқымда таралып жатыр. Сондықтан бұл да ескерілуде.
«Егер тенденция осы қалпында қалатын болса, онда көп адамдар қатысатын шараларды, оның ішінде халықаралық форумдарды басқа уақытқа ауыстыруға немесе болдырмауға тура келеді. Тарих індеттің билік пен азаматтардың батыл әрекеттерінен «қауіптенетіндігін« көрсетіп отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
29 ақпан 2020 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 129 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам