Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚР Президенті Армениядан машина әкелудегі алаяқтық фактілер бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

ҚР Президенті Армениядан машина әкелудегі алаяқтық фактілер бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

Армениядан машина әкелу барысындағы алаяқтық әрекет фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтты.
«Проблема әлі күнге дейін өзекті болып тұрғанымен келісемін. Адам жолын тауып, көрші елдерден автомобильді көптеп алып келді. Менің тапсырмаммен Бас прокуратура осы ахуалға құқықтық бағалау жүргізді. Бірқатар мемлекеттік құрылымның қызметіне наразылық бар. Бұған қоса, жекелеген тұлғалар заңнаманы бұза отырып және адамдарды алдап, мұнан заңсыз бизнес құрып алған. Армениядан машина әкелу барысындағы алаяқтық әрекет фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, ЕАЭО бойынша Қазақстанның кейбір серіктестерімен өзара іс-қимылда да бірқатар мәселе бар. Қазіргі уақытта олармен алдағы уақытта мұндай проблемалардың қайталануына жол бермеу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Үкіметке қазақстандық көлік иелерінің мүдделерін ескере отырып, Армениядан әкелінген автомашиналарды пайдалануды ретке келтіру бойынша қосымша ұйымдастырушылық шараларды әзірлеу тапсырылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
29 ақпан 2020 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 129 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам