Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сиыр жылы туғандар 2020-да бай мұраға кенеледі

Сиыр жылы туғандар 2020-да бай мұраға кенеледі

Биыл сиыр жылы туғандардың ойы да, эмоциясы да емін-еркін болмақ. Бірақ басқаларға дұрыс әсер ету үшін ұстамдылық танытасыз. Биыл табысты боласыз және өзіңізге көңіліңіз толып жүреді. Бірақ қарым-қатынастағы ұзаққа созылған жанжалдар мен қастықтан құтылу қажет. Үлгі тұтып жүрген адамнан бірге қызмет істеуге ұсыныс түседі. Шетелде жұмыс істеу мүмкіндігі туады. Сіз үшін бұл жыл таңғажайып жаңару болмақ. Себебі бойыңыздан күтпеген қабілеттер танылып, жаңа қыр ашылады.

Денсаулық
Жаңа жылдың басындағы қиындықтар денсаулыққа ықпал етеді. Күйзеліске ұшырап, бойыңызды жалқаулық басуы мүмкін. Бірақ иммунитетті көтеріп, мән берсеңіз, дерттің алдын-алуға болады.
Қаржы
Жаңа жылдың соңына қарай қаржылық табыс күтіп тұр. Бұл бай мұра немесе жоғары қызмет болуы да мүмкін.
Мансап
Сіздің кез келген соққыны абыроймен қабылдай білетін қасиетіңіз табысқа кенелуге жетелейді және өзіңіз сенетін адамдардың да сізге деген қарым-қатынасы өзгереді. Тіпті сенім артпаған адамдардан да қолдау табасыз. Өмірдегі оқиғалардың басты мәні кәсіби тақырыптың айналасында болады. Өз деңгейіңізді түсінесіз. Бірақ басқа адамдардың бағалауына қарамастан, өзіңізді жетілдіруге және жаңа тәжірибеге ие болуға дайынсыз. Қандай жағдайда да пікіріңіз өзге пікірден гөрі жоғары және құнды болады. Жұмыс орнындағы кадр саясаты мәселесі сізді айналып өтпейді. Күтпеген жерден жағымды ұсыныс болады. Бір әріптесіңіз туралы пікіріңіз өзгереді. Жұмысқа байланысты саяхатқа шығуыңыз әбден мүмкін.
Махаббат
Жалғызбасты Сиыр белгісіндегілер өзінің жартысын табады. Отбасылы жандардың да өмірі бір қалыпқа түсіп, өзара толық түсіністікке қол жеткізеді. Некеге тұрғысы келетіндер үшін өте қолайлы уақыт осы. Себебі отбасына, салт-дәстүрге деген ұмтылыс болады. Жалғыз қалу қиын, өйткені ең жақсы құндылық туысқандармен байланысты болмақ. Өз мақсатыңызды түсініп, сеніммен алға жылжисыз. Биыл сүйікті адаммен керемет саяхат күтіп тұр. Кей кісілер тұрғылықты жер ауыстырып, көшуі мүмкін. Көбінде жақындардың кеңесі мен тілегіне сенесіз. Бірақ сонымен бірге қарым-қатынастың тұрақсыздығы мен алаңдаушылық сезімі де болады. Қызғаныш сезімі жүрегіңізді жаралап, парасат, ақылмен ойлау қабілетіне орын қалдырмайды. Сондықтан өткінші сезімге бой алдырмаңыз.
02 наурыз 2020 ж. 944 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 138 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам