Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бала көңілін аулау да бір бақыт

Бала көңілін аулау да бір бақыт

«Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыстық оңалту орталығында болып, театрландырылған қойылым арқылы ем алушылардың көңіліне шырай берді.
Ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енген зияткер оқушылар оңалту орталығының жас емделушілерімен бірге ғажайыптар әлеміне саяхаттап, сиқырлы сандықты іздестірді. Қойылым барысында ұйымдастырылған ойын-тапсырмалары көрермендердің көңілдеріне қуаныш пен жайдарлылық сыйлады.
«Жақсы эмоциялар балалар денсаулығына тиімді әсер береді. Ерекше балақайлардың өмірлеріне бей-жай қарамай, бүгін осындай көңілді кеш өткізген зияткер оқушыларға үлкен алғыс білдіремін»,– деді оңалту орталығы директорының орынбасары Сәлима Шаймерденова.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің «театралды жәрдемі» апта сайын облыстық балалар ауруханасы мен түрлі арнаулы орталықтарында денсаулықтарында ақауы бар балақайлармен бірлескен көңілді шараларды өткізіп отырады.
«Бүгінгі шара балаларға қолдау көрсетуге және жалғызбасты қарттарға, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесуге бағытталған «Қоғамға қызмет» жобасы аясында өткізілді. Жыл сайын жақсылық жасауға дайын еріктілер тобының құрамы жаңа мүшелерімен толығуда», – деді 12-сынып оқушысы Аққу Шайхыбек.
«Әйтеке би» шаңырақ қауымдастығының оқушылары мен ата-аналары қолдау көрсеткен шара барысында оқушыларға тәттілер ұсынылып, орталық емделушілер үшін бейімделген арнайы ойын қосымшалары бар компьютер сыйға тартты.
03 наурыз 2020 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 138 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам