Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық жас оқу орталығын ашты

Қызылордалық жас оқу орталығын ашты

Бүгінгі жаңа формация мұғалімі барлық педагогикалық құралдарды меңгерген, өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған шығармашыл тұлға болуы керек. Сонымен қатар, нарық жағдайында мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби және әдістемелік жұмыстағы шеберлігі де ескеріледі.
Шиелі ауданының тұрғыны Үсенова Сандуғаш жас та болса осы қасиеттерді бойына сіңіріп, әдістемелік шеберлігін шыңдайды. Оның негізгі арманы алған білімін балаларға үйрету үшін білім беру орталығын ашу болатын. Сандуғаш ойын жүзеге асыру үшін аудандық кәсіпкерлер палатасы кеңесшілерімен ақылдаса келе «Жас кәсіпкер» жобасына қатысады. Жоба аясында шиелілік жас жұмыс үдерісін оңтайландыру, бизнесті жүргізудің тиімді тәсілдері сияқты маңызды әрі пайдалы ақпарат алады. Теориясы мен тәжірибесі үйлесім тапқан курстан соң жеке кәсібін ашуға кіріседі.
«Мемлекеттен берілген қайтарымсыз қаржының арқасында балаларға қажетті орталығымызға жаңадан құрал-жабдықтар алдық. Қазір бір топта алты баладан оқып жатыр. Шағын топпен жұмыс жасау тиімді. Сол үшін жұмысымыз нәтижелі болатынына сенемін. Қазіргі таңда оқу орталығымызда 100-ден астам оқушы білімін жетілдіруде. Орталықта балаларға роботехниканы, ментальды арифметиканы, орыс, ағылшын тілдерін, ата-аналардың сұранысы бойынша мектеп бағдарламасындағы үй тапсырмаларын орындау қызметтерін көрсетудеміз», - дейді жас кәсіпкер Сандуғаш Үсенова.
Жас кәсіпкер ашқан «Дарын» балаларға білім беру орталығының жұмысына білікті жастарды тартқан Сандуғаш бүгінде 6 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Сауат ашу, көркем жазу пәндерінен сабақ беремін. Оқушыларымыз белсенді, оқуға, үйренуге деген ынталары жақсы. Қазір оқушыларымыздың жазу, сөйлеу мәдениеттеріне аса көңіл бөліп жатырмын», - дейді орталық қызметкері Ақтолқын Серікболқызы.
Сандуғаш Үсенова Орталықта мүмкіндігі шектеулі балаларды тегін оқуға жағдай жасаған. Айына бір рет орталық ұстаздары ашық сабақтар өткізіп, апта сайын балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған шаралар ұйымдастырып тұрады.
Жас кәсіп иесі алдағы уақытта жоғары сынып оқушыларына арналған қызмет түрлерін енгізуді жоспарлауда.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

04 наурыз 2020 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 964 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам