Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Олжас Әкімов — Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі

Олжас Әкімов — Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Олжас Азатұлы Әкімов кеңесші лауазымына тағайындалды.
Олжас Азатұлы 1980 жылы Қызылорда облысы, Төретам кентінде дүниеге келген. Ресей Халықаралық олимпиада университетін «спорт менеджменті» мамандығы бойынша, Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, «Болашақ» университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Кикбоксинг бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР спортының құрметті қызметкері, Халықаралық дәрежедегі төреші. 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды. 1998-2000 жж. ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.
2000-2003 жж — Байқоңыр қаласындағы №56 орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі, бокстан жаттықтырушы.
2003 жылдан бастап-ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бас маманы, «Байқоңыр» кедені.
2008-2012 жж. — «Инфрқұрылыс» ЖШҚ бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары. Байқоңыр кешеніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілдігінің штаттан тыс кеңесшісі.
2013 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Астана «Регби клубы» директоры.
2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорт клубының директоры.
2014-2015 жж. — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының бас жаттықтырушысы.
2015 жылдан бастап — Алматы қаласы әкімдігінің № 17 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.
2016 жылдан бастап-Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу Дирекциясының Департамент басшысының орынбасары.
2017 жылдың 1 сәуірінен бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясында әмбебап жекпе-жек бойынша аға жаттықтырушы қызметін атқарды.
2017 жылдың тамыз айынан бастап 2020 жылға дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды. Бүгінгі таңда Олжас Азатұлы Болгариядағы Васил Левский атындағы Ұлттық спорт академиясында докторлық дәреже бойынша білім алып жатыр. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
04 наурыз 2020 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 140 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам