Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Оқу- жаттығу өткізілді

Оқу- жаттығу өткізілді

ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінде «Өрт болған жағдайларда атқарылатын іс-қимылдар» тақырыбында оқу-жаттығу өткізілді.Бұл іс-шара Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған Өрт сөндіру мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірлесіп, кезекші қызметтің және жеке құрамның мекемеде өрт шыққан жағдайда іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында болды.
2020 жылы 3 наурызда сағат 16:00шамасында мекеменің тамақ өнімдерін сақтау қоймасының жылыту пешінен өрт шығып,желдің күшейуіне байланысты, қойма іші бықсып,көк түтінге оранды.Бақылау өткізу бекетінде орналасқан автоматты өрт дабыл қондырғысы дабыл сигналын беру барысында, бекет бақылаушысы өрттің шыққанын байқап, уақытында мекеменің кезекші көмекшісі әділет аға лейтенанты Р.Байділдаев баяндады. Мекеменің кезекші көмекшісі қалалық өрт сөндіру бөліміне хабарлады. Жаттығу өткізуге күндізгі топ қызметкерлері, жеке құрам қызметкерлерінен құралған ерікті өрт сөндіру жасағы, медицина қызметкерлері қатыстырылды. Уақытында жеке құрам қызметкерлері жиналып, топтарға бөлініп және тиісті топқа атқаратын тапсырмалары берілді. Күндізгі топ қызметкерлерінен құралған ерікті өрт жасағы қолдарында бар арнайы құралдармен алғашқы өрт сөндіру шараларын іске асырды. Бақылау өткізу бекетінде қосымша бақылаушылар қызметке қосылды және қызметті күшейтілген кестеге сәйкес қызмет атқарылды. Төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралар да қарастырылды. Түтінен иістенген 2 ерікті жалдамалыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Байланыс құралдарының да қызметі сыналды. Жаттығу барысында барлық телефон, рация байланыстары мінсіз жұмыс жасады. № 2 Қалалық Өрт сөндіру экипажы толықтай орын алған өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығу өткізілуі кезеңіндегі мекеменің жеке құрамының іс-әрекетіне қорытындылау жүргізген №2 мамандырылған өрт сөндіру мекемесінің бастығы майор Ә.Дүйсенбеков,бөлім командирі Б.Кенжабаев пен ЗК-169/1 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Р.Тілеумұратов оң бағасын берді. Оқу жаттығу шаралары қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД





05 наурыз 2020 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 138 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам