Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда қаласының әкімдігі байқау жариялайды

Қызылорда қаласының әкімдігі байқау жариялайды

Қызылорда қаласының әкімдігі дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқаулардың көктемгі науқанын ашық деп жариялайды. Қызылорда қаласының әкімдігі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін орай 5-27 наурыз аралығында түрлі байқаулар жариялайды.

«Әр тұрғын – 5 талдан» ұранымен қала тұрғындары аулаларға тал егуі қажет. Оны суретке және видеоға түсіріп, оны «Instagram», «Facebook», «Вконтакте» әлеуметтік желілері арқылы қала тұрғындарына жылы лебізін арнап, көгалдандыру жұмыстарына белсенділік көрсетуге үндеуі қажет. Байқауға қатысушылар #Наурыз #Qyzylorda #ЖасылҚала #Volonter хэштегтерін пайдалануы керек.

Сонымен қатар қала әкімдігі «Шашбаулы қыз» байқауын да жариялады. Шарт бойынша бұл байқауға бұрымды арулар қатыса алады. Арулар бұрымды шашқа сән беріп, оюланған шашбау, шолпы тағып суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерде #Наурыз #Qyzylorda #ЖасылҚала #Volonter хэштегімен жариялауы қажет.

Байқауға қатысушылардың материалдары Қызылорда қаласы әкімідігінің парақшасында жарияланып отырады. Жеңімпаздарды әлеуметтік желінің пайдаланушылары лүпіл (лайк) басу арқылы анықтайды.
06 наурыз 2020 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 140 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам