Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыйынар ем, ана деген тәңірге

Сыйынар ем, ана деген тәңірге

Анаға сыйыну, асыл жанға құрмет көрсету өз алдына бөлек әңгіме. Әйелдің мойнына жүктелген ауыр жүк – ана атану, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлік. Көп балалы отбасы – бақыт пен байлықтың үйлескен жері. Бұл жерде береке мен бірлік бар. Бауырмалдық деген қасиеттің де иісі сезіліп тұрады. Біз келген отбасыдан осындай қасиеттер анық сезілді. Қаламыздағы «Бәйтерек» мөлтек ауданының тұрғыны Нүргүл Жаңабаева 9 баланың анасы. Нүргүлдің жасы – 39-да. Жұбайы Рамазан екеуі 7 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр.
Балаларының үлкені 18-де, кішісі 3-те екен. Нүргүлдің айтуынша, әр бала өзінің несібесімен туады.
 – Алланың берген балалары, көпсінген емеспіз. Шүкір, қазір жағдайымыз жақсы. Көпбалалы ана ретінде үй берілді. Мемлекеттен қажетті көмекті алып отырмыз. Әр бала – бақыт. Олардың жағдайы жақсы болатынына сенемін. Болашақта елімізге қызмет етер азаматтар болары анық, – деп сыр бөлісті бізбен әңгімесінде ол.
9 баланы киіндіру, сабағына көңіл бөлу әрине, оңай емес. Ай сайын көп балаға берілетін жәрдемақыны алып тұрады. Ал мектепте тегін ыстық тамақ беріледі. Нүргүл үйдегі шаруаның бәріне үлгереді. Үлкен қызы Айсұлу бауырларына қамқор болып, сабағын оқытады. Бір-бірімен тете өсіп келе жатқан балалар кішіге ізетті, үлкенге құрметті үйреніп келеді. Ең бастысы қөңілдері тоқ. Тыныш, бейбіт елде өмір сүріп жатыр.
20 жасында алғаш рет ана атанып, керемет сезімді бастан кешкен Нүргүл бала санын шектемеуді мақсат еткен.
 –  Көп бала болса, бір-біріне қарайласып, тез өседі. Бір төсекте құшақтасып өскен бала мейірімді болады. Бүгінде жас отбасыларды көбінесе баспана мәселесі қинайтыны анық. Егер де мемлекет тарапынан үй алуға мол мүмкіндіктер берілсе, көп балалы отбасылар көбейер еді, – дейді ол.
Нүргүл мен Рамазан бала тәрбесін бірінші орынға қояды. Сондықтан да отанасы бар уақытын бөбектеріне арнайды. Оған қынжылмайды. Оның басты парызы – ұрпағына дұрыс бағыт-бағдар беру.
 – Салиқалы, ақылды, парасатты ұрпақты тәрбиелегіміз келеді. Отағасы Рамазан – балалардың қорғаны. Шүкір, бірлігі мен ынтымағы жарасқан отбасымыз. «Құс ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген. Әкеге құрмет жасауды, ер азаматтың рөлі биікте екенін әркез үйретіп отырамын, – деген Нүргүл ер адамға сыйластығы жоғары екендігін білдірді.
Иә, әрбір отбасында осындай көріністер орын алса, ер азаматтың орны төрде тұрса, деген ой келді. Жарасымды отбасыны, мейірімі тасыған балаларды көріп көңіліміз бір марқайды. Өмірдің, отбасының қиындығына шыдап, ауыр жүкті арқалап жүрген Нүргүлге деген құрметім арта түскендей. Асыл жандарға сыйынып, табына, құрмет жасауымыздың бір себебі осыдан да шығар. Мереке құтты болсын, аналар!
Айтолқын АЙТЖАНОВА
07 наурыз 2020 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 129 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам