Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Полицей қыз пәрменді

Полицей қыз пәрменді

Бүгінгі қоғамда қыз-келіншек қауымынан артылған жүк бар ма? Ер азаматпен бірге иық тіресе қызмет ететін арулардың қоғамдағы рөлі қашанда маңызды. Аяулы жар, асыл ана болу қыз баласының маңдайына жазылған борыш десек те, көшке ілесе тірлік ету заман талабы.
 Қала тыныштығын қамтамасыз етіп, ерлерге тән қайраттылық қызметті абыройлы атқарып жүрген Гүлназ Сарбасова ішкі істер саласында 14 жылға жуық уақыт жұмыс істейді. Зор жауапкершілік пен міндет жүктейтін маман иесі болуды ол бала кезден армандапты. Бұған ата-анасы қолдау көрсеткен. Жалпы бұл салада жүрген ару көп. Дегенмен, қыз баласы үшін ең бастысы жоғарыда айтқандай, әйел, ана атану.
Біздің кейіпкеріміз де тегін емес. Отбасы мен қызметін қатар алып жүрген жан. Бір әулетке келін болғалы 10 жылдан асқан. Екі қыздың анасы, жолдасының адал жары, ата-ененің сүйікті келіні. Отбасым – басты байлығым, солардың қолдауының арқасында қызметті абыроймен атқарып жүрмін дейді өзі. Иә, Гүлназ ата-енемен бірге тұрады. Ол кісілердің алдындағы міндет – кез келген шеннен жоғары. Сондықтан бәріне үлгеру керек.
– Қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығында аға инспектормын. Аты айтып тұрғандай,  жедел атқарылатын жұмыс барысы оңай емес. Күн-түні осы қызметте қаладағы ұрлық-қарлықты, тәртіп бұзушылықты камера арқылы бақылап, тұрғындар шақыртуын қабылдаймын. Кейде ұйқысыз күндер де бастан өтеді. Шын жүрекпен таңдаған мамандығыңның ыстық-суығы жаныма батқан емес. Оған отбасымның түсіністік танытуы да үлкен сеп болған шығар. Әйел адамы үшін отбасы, ошақ қасы – қашанда алғашқы орында. Қол босаған сәттерді қалт жібергім келмейді. Үйдегілерге дәмді тағам пісіріп, бар уақытты соларға арнаймын. Жолдасыма, қыздарыма көңіл бөлгенді жөн санаймын. Арасында кітап оқып, ми тынықтыратын әдетім бар. Ата-ене алдындағы келіндік парызым өз алдына бір бөлек, – дейді ол.
Ішкі істер органында жұмыс істейтін кез келген маманның жұмысы қауырт екені мәлім дүние. Ал, жедел басқару орталығы қызметкерден шапшаңдықты талап етеді. Бейне камера арқылы құқық бұзушылықты анықтап жатқанда, қосарласқан телефон қоңырауына жауап беру, полицей мамандардың қылмысты ашу жолындағы бағыт-бағдар айқындап отыру оңай шаруа емес. Әсіресе, санасында сан мыңдаған ой жүретін, миымен бүкіл мәселені қорытып жүретін әйел адамы үшін. Десе де, капитан шенді қыз бұған мойымақ емес. Қайта шыныққан сайын шыңдала, тәжірибесі толыға түсетінін айтады. Біз өз кезегімізде жауапкершілік жүгін арқалай білген аруға қай істе де жеңіс тіледік.  
А.СЕЙІЛ
07 наурыз 2020 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 019 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам