Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ана мен бала өміріне араша

Ана мен бала өміріне араша

Ол бала кезінен анасының қасында жүріп, болашақ мамандығының қыр-сырына көз жеткізді. Жауапкершілікті сол кезден-ақ сезіне бастаған. Кейін мектеп бітіргесін арман қуып Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсті. Қалаған маман иесі атанып, алғашқы еңбек жолын туған жерден бастады. Кейін Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеп, тәжірибесін толыстырды. Десе де, дәм-тұз Қызылорда қаласынан бұйырған екен. Осында келіп №6 қалалық емханада, перзентханада еңбек етті. Бүгінде қалалық перинаталдық орталықтың білікті маманы, УДЗ дәрігері. Бұл – денсаулық саласында ширек ғасырлық тәжірибесі бар акушер-гинеколог, сүйікті жар, асыл ана, ибалы келін Райкүл Бақбергенова. Сөзі жұмсақ, жүзі жылы ол – қаншама ананың аман-есен босанып, дені сау сәбидің дүниеге келуіне себепкер болды. Талай жанның алғысына бөленді.
Қайсыбір сала болмасын үнемі ізденіс пен тың жаңалықтарды, зерттеулерді талап ететіні белгілі. Медицинада оған баса көңіл бөлінген. Сәт сайын жаңа дүниелер туындап, өзгерістер орын алып отырады. Ал, мамандар жаңа лепке ілесе білуі шарт. Оларға қойылатын талап маған таңсық емес. Себебі, әулетте бірнеше дәрігер маман бар. Кейде 2-3 айға білімін жетілдіруге басқа қалаға кетеді. Отбасымен сағынысып көрісіп жатады. Мұндай көрініс Райкүл Жамалқызына да жақсы таныс. Өзі де талай мәрте үйінен жырақта болып, бала-шағасын жолдасына, ата-енесіне аманаттап кететін. Осындай да үлкендердің бары қандай жақсы. Отбасың ісіңді қолдап, демеп отырса әйел адамына одан артығы керек емес.
– Адамның өмірі, денінің саулығы – басты нәрсе. Дүниеге келген сәбидің аман туылуы, босанғаннан кейінгі ананың қалыпты жағдайы акушер-гинекологқа байланысты. Сондықтан бізге артылған жауапкершілік өте жоғары. 2011 жылдан бастап басшымыз Гүлнар Жұмашеваның қолдауымен ультра дыбыстық зерттеуді игердім. Бірнеше рет осы бағытта мықты мамандардан білім алдым. Қазір жүкті әйелдерді Удз арқылы скринингтік тексеруден өткізіп, іштегі баланың ахуалын біліп отырамыз. Туа бітті ақауларды ерте бастан анықтауға мүмкіндік бар. Осы екінші мамандықты игеруде ата-енемнің көп септігі тиді. Балалардың ас-суын, киер киімін, сабағын бәрін-бәрін сол кісілер қадағалады. Соның барлығына түсіністікпен қараған ата-анама алғысым зор, – дейді кейіпкеріміз.
Айтпақшы, кейіпкеріміздің өмірлік серігі де дәрігер. Екеуі де бір саланың жілігін шаққан жандар. Отбасылық өмірде 4 бала тәрбиелеп, қанат қақтырған. Қазыналы қарттарынан бата алып, өркені өскен олар бүгінде өздері де ата-әже атанып отыр. Елуге енді аяқ басатын ол қолы қалт еткенде гүл баптаумен айналысады екен. Жан-жақты болуды жаны сүйген маман бәріне үлгеруге тырысады. Өмірдің басты құндылығы ана мен бала өмірінің жауаптысы, отбасы ұйытқысы бола білген ол – өнегесімен көпке үлгі.
Өзі айтқандай, жұмыс қауырт деп оған түбегейлі бет бұруға да болмайды. Отбасылы жанға әуелгі кезекте үйінің берекесін сақтау, үлкенін сыйлап, ұл-қызына тәлім-тәрбие беру кезек күттірмейтін дүние. Ал, қос міндетті  қоса атқару тек аруларға тән-ау.
Айдана СЕЙІЛ
07 наурыз 2020 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 129 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам