Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Бөпелі Бағлан

Ақбастыдан Алматыға аттандырған асау арман Бағланның бағын ашты. Ақ бас Алатаудың етегінде орын тепкен ҚазМУ-дың студенті болды да шықты. Бұл мектепті үздік бітірген мерейін өсірді де кетті. Грант иесі мемлекеттің де, отбасының да аманатын адал ақтады.
Қалашықтың қызығы, студенттердің сауық-сайраны қайталанбас бір бөлек дүние, ал, білімнің тереңіне сүңгіген сайын алдыңыздан теңіз емес, мұхит кезігеді. Сол мұхиттың маржанын Бағлан байыпты тере білген, тұнығын тани түскен талабымен төрге озды. Білесіз бе, белсенді әрі білімді студент төрт жыл оқып, бір төрттік баға алмапты. Студент кітапшасы кіл бестікке толы болатын. Ұстаздары үнемі үлгі тұтып, тіпті тіл саласы ғылымына талпынуға үгіттеді. Бұған Бағлан қарсы емес, алайда сағымға айналған сағыныш туған жерге шақырды да тұрды.
Ол отбасында бесіншісі, алдында үш апасы, бір ағасы бар. Әкесі Жарылғапберген Махамбетов та, анасы Айдана Исмагулова да ауылдың қарапайым адамдары, тек өсірген ұрпағының амандығына, жарқын болашағына тілекші иман жүзді жандар. Олар ауыл адамы,  дүниеге шаруаның көзімен қарайды. Кенже қыз өзгегелердей ерке шолжаң болмады, мінезі тұйық, сөзі салмақты болмысынан аумай, өз дегенімен жүрді.
Әдетте білім үйретеді, еңбек ширатады деген қағида бар. Сол қағида Бағлан Тілеубергенованы жетектеп кеткендей ме, ол төрт жылғы біліми тәжірибесін тағы жетілдіруді ойлайды. Сөйтіп Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистратураға түсті. Тағы да грант иегері. Бұл жолы да өзінің білімпаз биігін байқатты. Осылай зулаған уақыт оқу орнын табысты тәмамдауына куә болды. Ол «педогогика ғылымдарының магистрі» ғылыми дәрежесін иеленді.
Бағланның еңбек баспалдағы басылымнан басталды. «Ақмешіт апталығы» газетіне бос келмеді, тың идея мен танымдық көзқарасы шығармашылықта да шынайы орнын көрсетті. Әдет-ғұрып, дәстүр, танымдық дүние, өзекті мәселе, қысқасы арасы бірер жылда түрлі тақырыпты жандандырып, оқырман тарапынан оң бағасын алды. Бұл еңбегі ескерусіз қалмады, облыстық, республикалық деңгейдегі марапаттары бар. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Қыз бала үшін еңбекпен егіз отбасы мәселесі деп ойлаймын. Аралдың аруы Қызылорданың қыран азаматын адаспай тапқанын айтқан ләзім. Жолдасы Нұрболат Нұржаубай фото ісінің шебері, «Сыр медиа» ЖШС фототілшісі. Екеуі бір ұжымда қызмет істей жүріп, ұзақ уақыт ұғынысты, бір-біріне деген махаббатын риясыз сендірді. Жүректе алаулаған сезім жұптасып, ақ отау құруды нәсіп етті. Бақыт дегеннің өзі осындай ғашықтық ғаламат пен армандаған азаматына аялы жар болу емес пе? Қазір біздің Бағлан бөпелі болған. Дінислам дейтін патша бала анасының құшағында. Әріптесімізді қанатты қаламның қасиеті тұлғасы ғана емес, көтерген шаңырақтың да шырайын кіргізер келісті келіншек бола біл дейміз.
Қ.Құрбан
07 наурыз 2020 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 019 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам