Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сіз үшін ең қымбат сыйлық не?

Сіз үшін ең қымбат сыйлық не?

Динара Баймырзаева, №2 «Мұрагер» мектебінің директоры:
– Мен үшін ең басты сыйлық – кітап. Гүлге кеткен ақшаны босқа шашылған деп ойлаймын. Әлемге әйгілі шығармалар туындысын оқығанды жақсы көремін.
Баян Қонысбекқызы, «Sisters» сән салонының шаш әрлеушісі:
   – Бұл мерекеге қыздар ерекше дайындалады. Оларды сәндеп, қуанышты жүздерін көріп шабыттанамын, мерекелік көңіл күй сыйлаймын. Ал өзім жас ана болғандықтан, балаларымның қолынан жасаған дүниесін қымбат көремін.
Гүлжазира Жалғасова, «Сыр бойы» газеті бас редакторының орынбасары:
 – Мен үшін ең үлкен сыйлық балаларымның берген сыйлығы. Анашым, мерекеңізбен! деп бетімнен сүйіп берген сыйлығы баға жетпес байлық. 8 Наурыз жыл сайын асыға күтетін мерекенің бірі. Көктемнің жылы шуағындай нұр шашып тұратын аналар мен ару қыздардың жүздерінен күлкі кетпесін. Әйел заты әдемілікке құштар болып келеді. Гүл даламызға қандай сұлулық сыйласа, әйел аналар да өмірге сондай сән береді. Барша аналар мен қыздар қауымын мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Күндей күлімдеп, гүлдей құлпырып жүре берулеріңізге тілектеспін.         
Мира Қазбекова, қала әкімінің орынбасары:
 – Сыйлықтың үлкен-кішісі жоқ. Шынайы ықыласпен, үлкен жүрекпен берілген сыйлық қашанда ыстық. Жақындарымның, үлкендерімнің берген сыйлықтарын көзімнің қарашығындай сақтап, игілігіме тұтынуға тырысамын. Ал, негізінен халықтың батасынан асқан сыйлық жоқ. Жанашырларымыз көп болғай.
Меруерт Әбдіқалықова, қалалық білім бөлімінің басшысы:
 – Шын жүректен айтылған жақсы лебіз – мен үшін бағалы. Мерекеде бастысы қымбат сыйлық емес, көңіл екенін ұмытпаған жөн. Кейде сыйлыққа қарағанда, уақытылы айтылған жылы сөз жанды жылытады.
Бибімариям Қайкенова,
ІІ кеңейтілген квартал 3/35 үй тұрғыны
          Мен үшін 8 наурыз өте ерекше күн. Себебі бұл күн – өзімнің туған күнім. Ер азаматтарым үшін бір оқпен екі қоянды атып алатын күн. Өмірдегі басты сыйлығым – отбасым, оның амандығы. Екіншіден, ешкімге алақан жаймай, берекелі ғұмыр кешу.  Ал, үшінші кезекте әрбір әйел адамы үшін маңызды саналатын – гүл шоғы.
Сымбат Әбдірахманова,
Психолог, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы
Алла берген ең қымбат сыйлық – менің балаларым. Мереке қарсаңында сыйлықтың түр-түрін аламыз ғой. Бірақ, балаларымның өз қолымен жасағна сыйларын ерекше ұнатамын. Одан соң, гүл алғанды жақсы көремін.
Айнұр Байкенжеева
Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ұстаздық жолда жүргесін шәкірттерім мереке сайын түрлі сыйлық беріп жатады. Ықыласпен сыйлаған дүниенің бәрі жақсы ғой. Ұжымда әріпстестер бір-бірімізге міндетті түрде сыйлық әзірлейміз. Ал, ең қымбат сыйлығым жолдасымның 8 наурыз мерекесі қарсаңында маған арнап шығарған өлеңі. Бұл ешқашан ұмытылмайтын, ескірмейтін үлкен сый.
07 наурыз 2020 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 129 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам