Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Коронавирус 100-ден аса елде тарады

Коронавирус 100-ден аса елде тарады

9 наурызда таңғы жағдай бойынша әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтыру саны 110 034-ке жетті, коронавирус 100-ден сәл аса елді қамтыды. Бұл туралы РИА Новости Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы тәулікте Қытайдан тыс жерде 3 610 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркеліп, 71 адам қайтыс болды. 
Вирус соңғы тәулікте Болгарияға, Коста-Рикаға, Молдавияға, Француз Гвианасына, Мальдивке, Мальтаға, Фарер аралдарына, Мартиник Француз Кариб аралына, Албанияға, Бангладешке жетті. 
АҚШ-тың барлық батыс жағалауында, сондай-ақ Нью-Йоркте COVID-19 таратылуына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Орегон штатында жексенбі, 8 наурыз, ТЖ режимі 60 күнге жарияланды. Бұған дейін Вашингтон мен Калифорния штатының билігі осындай шараларға барды.
NBC телеарнасының мәліметінше, АҚШ-та коронавирусты 500-ден аса адам жұқтырып, 21 адам көз жұмған.
Қытайда Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеттің хабарлауынша, коронавирустың расталған оқиғаларының саны соңғы тәулікте 40-қа өсіп, 80 735 адамға жеткен, 22 адам қайтыс болған, 1535 сауығып, ауруханадан шығарылды, 19 016 адам ауырып жатыр (5111 адам ауыр халде).
Оңтүстік Кореяда өткен тәулікте 248 жаңа COVID-2019 жұқтыру оқиғасы тіркелді. Осылайша, елде ауру жұқтырғандардың жалпы саны 7382 адамға жетті, қаза болғандардың саны 51-ге жетті. Барлық мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде оқу басталуын 23 наурызға дейін кейінге қалдырды.
Иранда бір тәулік ішінде 49 адам қайтыс болды,бұл 19 ақпаннан бастап құрбандардың ең көп көрсеткіші, барлығы 194 адам қаза тапты. Жұқтырудың жалпы саны - 6566, бұл ретте 2134 адам сауығып кетті. Коронавирус елдегі барлық провинцияларды қозғады.
Жапонияда бір тәулік ішінде 33 коронавирус оқиғасы анықталды, бір адам көз жұмды. Аурудың жалпы саны 1189 адамды құрайды. Жұқтырғандар арасында 696 адам-бұл экипаж мүшелері немесе Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушылары. Жапонияда вирустың таралуынан барлығы 14 адам көз жұмды.
Италия COVID-19 өлім-жітімі бойынша әлемде бірінші орынға және жұқтырғандардың үлесі бойынша екінші орынға шықты.
Францияда covid-19 коронавирусымен ауырғандар саны 1126 адамға дейін өсті, 19 адам қайтыс болды. Жұқтырғандардың арасында Францияның Ұлттық Ассамблеясының (Парламенттің төменгі палатасының) төрт депутаты мен екі қызметкері бар.
10 наурыз 2020 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 964 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам