Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Киік атып алған 4 жігіт Төретамда тұтқындалды

Киік атып алған 4 жігіт Төретамда тұтқындалды

Қызылордалық полицейлер 4 киік атып алған браконьерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Кезекті рейд кезінде ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері 6 наурыз күні Төретам кентінде күдік тудырған “Ланд Крузер 80” маркалы көлікті тоқтатқан еді. Машинада жүргізушімен бірге 3 жолаушы болған. Олар Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінің тұрғындары екен. Көлікті тінту кезінде жүк салғышынан 4 киіктің тушасы мен 2 дана асхана пышағы, 12-калибрлі мылтықтың 9 дана оғы тәркіленді.
Ұсталғандардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, қалғандарына бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы – “Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.


10 наурыз 2020 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 965 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам