Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шаһар жұмысы баршамызға ортақ

Шаһар жұмысы баршамызға ортақ

 Біздің қала – біздің мәселе
Заманында Әл-Фараби бабамыз «Қайы­рым­ды қала» туралы  еңбегінде «Бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын алға қойған қала – қайырымды қала, ал адамдар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам қайырымды қоғам. Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл ғалам қайырымды болмақ» деген екен.
Әрқайсымызда бақытты қалада өмір сүргіміз келеді. Жанға жайлы, өмір сүруге қолайлы деп тізбектеле беретін қажеттіліктер. Ал өзіміздің өз қаламыздың бақытты қалаға айналуына үлесіміз қандай? Біз сияқты ең әуелі осы қаланың азаматы, сонан кейін шаһар басшысының арманы қандай?
Көктемнің алғашқы айында сол жағалаудағы «Рухани жаңғыру» орталығында қала әкімі мен Сыр журналистерінің кездесудегі арман-мақсаты бір. Ол– дария жағасындағы қаланы бақытты қалаға айналдыру және бақытты қала тұрғынына айналу. Екі сағат бойы тек қала тақырыбын талқылаған кездесуден біз осындай ой түйдік. Оқырман үшін бұл кездесудегі айтулы жаңалықтармен бөліскенді жөн көрдік.
Журналистер аллеясы жасалады
«Егемен қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаевтың бұл ұсынысын қала әкімі құп көріп, тіпті іліп алып кетті. Жақында қала ішінен қалам ұстаған қауымға арналған аллея болатын жер белгіленіп, билік пен БАҚ өкілдері бірге тың жерге түрен салмақ. Бұл жаңалықты қуана қабылдаған журналистер қаланы көгалдандыруға қаламмен де, еңбекпен де үлес қосуға дайын екендігін білдірді.
Жасайтын кім, бұзатын кім?
Қаланың шет аймағында шетін мәселе көп. Тіпті қаланың кішкентай тұрғындары үй ауласынан асып кете алмайды. Ойын алаңдары аз. Ал, бардың өзін ұқсата алмай отырмыз. Себебі қандай? Шет аймақты айтпағанда қала орталығынан әдемі ойын алаңдарының салынғанын көзбен көріп жүрміз. Алайда қызылды-жасылды ойын алаңының ғұмыры тым қысқа. Бір ай өтпей жатып, сынған, бүлінген, тіпті орындығын жұлып алып кеткен сүреңсіз көрініске де көз үйренді. Сонда жасайтын кім, бұзатын кім? Жауабы белгілі. Ұялғаннан төмен қараудан өзге шара жоқ.
Тазылық та осы мәселеден бөілп қарай алмаймыз. Тазалықшы тазалауы тиіс дегенді санамызға қатаң бекітіп алғанбыз. Ал, өзіміз тұратын қаланы айтпағанда, өзіміздің есік алдына, аулаға бір тал егуге ерінеміз де, ақыл айтуға келгенде алдыға жан салмаймыз. Тазалықшының қажырлы еңбегі жайында ойлана бермейміз. Осындайда бәріміз ұйымдаса көктемгі сенбіліктерге жұдырықтай жұмыла қалсақ, біз арманадаған жасыл қаланы да біз жасар едік...
Арманымызды орындайтын өзгелер емес, өзіміз
Кейде арманымызды өзгелер орындап беретіндей арман қанатында қалықтап жүреміз. Қаланың күйкі тірлігіндегі түйткілді мәселелерді біз үшін өзгелер ойлауы тиіс деп те қабылдаймыз. Бір ғана мысал, арман болған сол жағалауды игеру әдепкіде оңай түспеді. Шетелдік инвесторлар күттік, дүниежүзілік банктерге арқа сүйегіміз келді. Соңында сол жағалаудағы жаңа қала Сыр елінің алтын қол құрылысшыларының қажырлы еңбегімен бой көтерді. Демек, арманымыздағы бақытты қаланы жасайтын өзгелер емес, өзіміз.
Қаланың мәселесі қалам ұшында
Технология ғасырында бәрі де жазуға ұмтылды. «Жерден жеті қоян тапқандай» түймедейді түйедей етіп көрсетуге асығатындар аз емес. Бұл да өткінші. Әлеуметтік желінің аптығы да басылар. Қырағы оқырман арзан сенсацияға емес, сараптап, нақты, дәл, кәсіби дүниені айыра алатын жағдайда. Мұны дәлелдеудің қажеті шамалы. Сырда туып сырда өскен қалам иелері де қаланың мәселесін білмейді емес, біледі. Алайда, айқайлатып, елді күнде дүрліктіргеннен, арзан абырой жинағаннан аулақ. Өзі тұратын қаланың дамуына әрдайым тілекші, мәселені кәсіби жеткізе де білетін, талай тұрғынның мәселесін билікке жеткізіп те жүрген алтын көпір журналистер үшін ең әуелі елдің бірлігінің бекемдігі маңызды. Журналистер қай кезде де халықтың көкейіндегісін дөп басатын, мәселені дер кезінде көтере білетін ел жанашырлары. Бұл – біздің түйгеніміз.
Балгүл – қала әкімінің баспасөз хатшысы
Кездесудегі қуанышты жаңалықтың бірі осы болды. Көптен бері қала әкімдігіндегі бос тұрған баспасөз хатшылығының қызметі өзгелерге білінбесе де, БАҚ өкілдері үшін қатты сезілетін. Баспасөз хатшысы қашан келер екен деп әкімдікке қарай алаңдап жүретініміз де шындық. Себебі, баспасөз қызметі – құзырлы мекеменің айнасы. Білікті, білімді, жариялы маман болса жарты бақытқа кенелдім дей беріңіз! БАҚ өкілдерінің бұл күні қатты қуанғаны да сол. Балгүл Мәмен – сырбойылықтарға тосын емес. Бұған дейін бірнеше салада қызмет етіп, журналистермен қоян-қолтық араласқан жетік маман. Бұған дейін Елорадада қызмет етіп, біраз тәжірибе жинап келген Балгүл Мәмен енді қала әкімінің баспасөз хатшысы. Қызметіне кірісіп кеткен баспасөз хатшысының қызметі сезіліп жатыр. Сәттілік тілейміз!
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
11 наурыз 2020 ж. 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 129 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам