Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Екіжақты келісімге қол қойылды

Екіжақты келісімге қол қойылды

 Облыс орталығындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті - талай талантты шәкірттерді түлетіп ұшырған  іргелі оқу орны. Осы университеттен білім алған түлектердің бірқатары шет елдерде, еліміздің әр түкпірінде белді маман болып қалыптасып, беделді қызметтер атқарып жүр. Бүгінгі заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда университеттің педагогикалық ұжымы тың ізденістер мен терең шығармашылықпен еңбек етіп келеді. Соның бір көрінісі – ҚМУ-дің І оқу ғимаратында университеттің І оқу ғимаратында, М.Шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығында "Сыр медиа" ЖШС мен облыстық "Qyzylorda"  телеарнасында университеттің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының филиалдарын ашу мақсатында кездесу өтті.
Шараға республикалық "Егемен Қазақстан", "Айқын" газеттерінің, "QAZAQSTAN", "Хабар", "24 kz" телеарналарының және аймақтағы "Сыр бойы", "Кызылординсие вести" газеттерінің журналистері қатысты.
Жиында университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардар етті. Онда "Педагог мәртебесі" туралы заңға сәйкес университет профессор-оқытушыларының айлық жалақысы 30 процентке өскенін атап өтті. Осы орайда бәсекеге қабілетті, білікті мамандар дайындаудың жауапкершілігі де арта түскеніне тоқталды. Ректор бұл бағытта университет түлектерін жұмыс берушілердің талабы мен сұранысына сай білікті маман етіп даярлау мәселесі 2020–2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларында толық қамтылатындығын атап өтті.
Кездесуде қоғам және мемлекет қайраткері, облыстық телевизияның қалыптасуында айқын қолтаңбасы бар Әбдіжәлел Бәкір, университет прфессоры Бағдат Кәрбозұлы, журналистика кафедрасының меңгерушісі Ғабит Тұяқбаев пікір айтып, оқу орнында қолға алынып отырған жаңа бастамаларға қолдау білдірді. Сонымен қатар, жиынның басты мақсатына сәйкес "Сыр медиа" ЖШС мен облыстық "Qyzylorda"  телеарнасында университеттің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының филиалдарын ашу мақсатындағы әріптестік меморандумға қол қойылды.
Осы шарада журналистика саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген "Айқын" газетінің облыстағы меншікті тілшісі Миуа Байназар, "Qyzylorda" телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала Қорқыт ата атындағы "Алтын медальмен", облыстық "Сыр бойы" газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов, "Хабар" телеарнасының облыстағы тілшісі Нұрлан Жақыпбеков "Үздік түлек" медальмен марапатталды. Сондай-ақ, "Сыр медиа" ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев, "Қоғам ТВ" телеарнасының басшысы Тұрсынкүл Желдербаева, "Егемен Қазақстан" газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев, "Кызылординсие вести" газетінің бас редакторы Қазыбек Ботаев, "Хабар"телеарнасының тілшісі Қамбар Бекенов, "Qyzylorda" телеарнасының тілшісі Әділбек Жақанов ҚМУ-дің "Құрмет грамотасын" иеленді.





12 наурыз 2020 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 140 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам