Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Филиал директоры Қазалы ауданы бөлімдерінің жұмысымен танысты

Филиал директоры Қазалы ауданы бөлімдерінің жұмысымен танысты

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Бөкенбайұлы Арал ауданыны бөлімдерді аралап, жұмыс сапары Қазалы ауданында жалғасты.
А.Қайруллаевтың Қазалы ауданынындағы жұмыс сапары алдымен Халыққа қызмет көрсету орталығы, тіркеу және жер кадастры мен әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің жұмыстарымен танысып, қызметкерлермен кездесумен басталды.
Филиал директорымен кездесу барысында әр саланың бөлім басшылары өткен жылда атқарылған жұмыстар мен алға қойылған жоспарлар жайын таныстырды.
Халыққа қызмет көрсету бойынша 2019 жылдың қорытындысымен Қазалы ауданының тұрғындарына жалпы 77552 қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 22326. 2018 жыл мен салыстырғанда электронды түрде көрсетілетін қызмет саны 74%-ға өсіп отыр. Сонымен қатар, 26093 аудан тұрғындар мобильді азаматтар базасына (мГов) тіркелсе, 29520 қазалылықтарға электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) берілді. Ал, 2018 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 40964 азамат қызметалса, 2019 жылы 80339 аудан тұрғындары Connectionpoint секторы арқылы қызметалған. Яғни, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы қызмет алу өткен жылмен салыстырғанда 126%-ға ұлғайған. Бұл ретте азаматтардың цифрлық сауаттылықтары артып кележатқанын байқауға болады.
Арал аудандық ХҚО бөлімінде мамандандырылған бөлім 2018 жылдың шілде айынан бастап жұмыс жасауда. Мамандандырылған бөлім арқылы 2018 жылы 222 қызмет көрсетілсе, 2019 жылы 4546 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Филиал директорының жұмыс сапары келесі кезекте ертең Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданында жалғасатын болады.

13 наурыз 2020 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 019 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам