Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Араз неден туады?

Араз неден туады?

Оймақтай ой
Шынында, араздық неден туады?  Болмашыдан ба, әлдебір күштің әсерінен бе? Өмірде ешкіммен араздаспай өтетін адам бола ма өзі? Қайтқан кісі қашанда қасиетті болып қалады, ал тірінің ішінен тәуірді таңдағанда ол табыла қоя ма? Осы мені ойлантады.
Қыл-қылдап қоймаған соң қарыз береміз, ол уақытында қайтпайды.Дүние бөлісеміз, ол ешқашан теңдей болмайды.Жақсылық жасайсың, бірақ кейде өзіңе таяқ боп тиеді. Тойға қадірлеп шақырамыз, соңында өзіңді кінәлап кетеді. Баланы қорғаймыз деп жүріп, біреудің перзентін бөлектейміз. Сүйемін деген сұлуыңның сырын ұққан соң көңілден сүйіспеншілік сейіледі.
Әйтеуір айтқанымның бәрінде араздықтың арқауы жатыр. Бәлкім, бақытта баян жоқ деген теңеудің түбі осы ма екен. Не дегенде де толған нәрсе тозатыны, жетілген адам да жоғалатыны рас. Осыны ылайым ой зердесінде ұстап, қасыңдағыға құрметпен қарағанға не жетсін. Ең болмағанда  Ж. Баласағұнидің ұлағатты сөзіне бір үңілсеңіз игі: «Биіктеп кетсең— құлау бар, қуанып кетсең— жылау бар». Асылы, араздаспайық, ағайын.

Қ.Құрбан
14 наурыз 2020 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 129 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам