Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Тұмар» телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

«Тұмар» телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтанда «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев барлық жеңімпаздарды құттықтады және «Үздік деректі фильм» аталымының мүсіншесін табыстады. Бұл аталымда «ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасының «Көршілер» фильмі жеңімпаз атанды. «QAZAQSTAN» телеарнасының «Ashyq alan» бағдарламасы жылдың үздік ток-шоуы атанды. Ал «Үздік ойын-сауық бағдарламасы» номинациясында «Хабар» телеарнасының «Central Asia’s Got Talent» бағдарламасы озып шықты. «КТК» телеарнасындағы «Большие новости» жобасы «Үздік ақпараттық бағдарлама» атанды. «Үздік әлеуметтік жоба» мүсіншесі «31 арнадан» көрсетілген «Анашым, біз үйдеміз» бағдарламасына берілді.
«Gakku» телеарнасындағы «Bir toqsan» жобасы «Үздік телевизиялық сериал» атанды. Сонымен бірге, «Алматы» телеарнасы «Үздік өңірлік телеарна» аталымында жеңіп шықты. «Үздік тележурналист» аталымында журналист, «Первый Канал Евразия» телеарнасының редакторы Олег Журкевич марапатталды. Виталий Поповтың «МИР» телеарнасындағы «Түркі әлемінің бесігі» жобасы «Үздік режиссерлік жұмыс» ретінде бағаланды. «Үздік тележүргізуші» санатында «QAZAQSTAN» телеарнасындағы Жайна Жақсылықова жеңімпаз атанды.
 Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жүлде қазақстандық телеиндустрияны ынталандыру мақсатында беріледі.
15 наурыз 2020 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 019 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам