Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Сабырлық

Қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановтың естелігі ерекше. Оның ой тұнығын тербейтін тамаша тебіренісі көп ішінен ұлттың мәрт  ұлдарын табуға тілекші болады.
Жалағаш ауданы Жаңаталап  ауылына обкомның бірінші хатшысы Қойшығұлов жұмыс сапарымен  баратын болды. Бұрын  республиканың ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған, Орталық аппараттың хатшысы болған кісі жәй адам емес, ауылдың бүге-шүгесін толық көретіні белгілі. Дайындық мықты, бірақ сырт көз сыншы ғой, анау деп басып айту қиын. Ауыл басшысы Шәймағамбет сөзі өтімді, елге сыйлы, іскер кісі еді. Бірақ «обком» мың сан тіршілік  тарауынан  оқта-текте сынға алып қоятын жағдайы бар-тын.
Ол кезде ауылда не болсын, қонақ үй де, мейрамхана да жоқ, қонақты үйді-үйге апарып, сыйлап жіберетін. Сол үрдіспен Шәкеңнің үйінен шәй ішілу керек. Облыс басшылығы тиісті шаруамен танысып, түс әлетінде  тамаққа үйге түсті. Күн ыстық, аптап алқымнан алады. Есік алдына тігілген қараша үй  ғана қонақтар ыңғайына да,
ыстыққа да лайықты болды. Ас тартылар сәтте жайсыз хабар келді. Үйдің кішкентай ойын баласы суға кетіп, соны бір топ адам әкеліп тұрды. Марқұмды дереу шиге орап, қараша үйдың іргесіне қоя қойды. Мына қайғыға қабырғасы қайысып тұрса да  салқын қандылық танытқан Шәкең кемпірін  де сабырға шақырып, дыбыс шығармауын өтінді. — Өлер бала өлді. Жылағанмен ол тірілмейді. Ал мына кісілер күнде келетін қонақ емес, солар үшін арнайылап ас дайындалды. Жайланып отырды ма, оларды жайғап болайық, — деді.
Отағасының ойын кемпірі кері итермеді. Ет желініп, шәй ішіліп болғанға дейін сыр бермей отырды. Алғысын айтып, қонақтар сыртқа шықты. Көшеге түскен соң біршама жаяу жүріп кетті. Осы кезде аңыраған ананың ащы даусы көшеде кетіп бара жатқан қонақтар құлағына шалынды. — Бұл кім болды? Тыныштық па? десті бір-біріне олар. Жағдайды сұрастырып білген сол кісілер Шәкеңнің үйіне қайта келіп, көңіл айтты. Сонан кейін Қойшығұлов  мәрт мінезді Шәймағамбеттің сабырлы ісі үшін қатты құрметтеп өтті.
Қ.Әбдуов
14 наурыз 2020 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 019 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам