Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Төтенше жағдай: несиені төлеу уақытша тоқтатылуы мүмкін

Төтенше жағдай: несиені төлеу уақытша тоқтатылуы мүмкін

Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты "қазақстандықтар үшін несиелік демалыс беріле ме?" деген сауалға жауап берді.
Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатынан кейін тілшілер вице-министрден сұраған болатын. "Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шараларды әзірлеуде. Жақын арада бұл жағдайда қандай шаралар қабылданатынын білесіздер. Қазір бәрі пысықталып жатыр", - деді Жасұлан Мәдиев.
 Сонымен қатар, ол қазақстандықтарға несиелік демалыс беру идеясы туралы айтты.  "Қазіргі жағдайды жеңілдету үшін бірқатар шара қарастырылуда", - деп жауап берді ол.
 Вице-министр коронавирустық пандемия салдарынан Қазақстан экономикасына келтірілген залалды атай алмады. Оның айтуынша, есептеулер жүргізіліп, тиісті шаралар әзірленіп жатыр екен. "Төтенше жағдай бүгін ғана енгізілді. Сондықтан күтейік", - деді Мәдиев.
Айта кетейік, 15 наурызда ҚР президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020  жылғы 16  наурыздағы 08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

BAQ.KZ

16 наурыз 2020 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

№48 (1649)

27 маусым 2020 ж.

№47 (1648)

23 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 476 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам