Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тоқаев қазақстандықтарды бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырды

Тоқаев қазақстандықтарды бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырды

Елімізде коронавирусқа қатысты арандатушы ақпарат таратып, халықты түрліктіретін жағдай тудыруға талпынғандар заң жүзінде жазасын алады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде айтты.
«Арандатушы ақпарат таратып, халықты түрліктіретін жағдай тудыруға талпынғандар заң жүзінде жазасын алады. Қазақстанның барлық азаматын сабыр сақтап, бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырамын. Халқымыздың рухы күшті, әсіресе бүгінгі күні бізге оптимизм қажет және өмірге позитивті қарау аса маңызды», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты үндеуінде.
Сондай-ақ, ол қазақ халқы басынан небір қиын кезеңдерді өткізгенін айтты.
«Біз тарихымызда басымыздан небір қиындықтарды өткізген халықпыз, сол сынақтардан ең алдымен береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік. Бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін. Халқымыз – аман, жұртымыз – тыныш болсын. Біз біргеміз!», – деді ол.
Еске сала кетсек, кеше ҚР Президенті Жарлығымен Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланды.
16 наурыз 2020 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 019 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам