Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тойханалардың жұмысы тоқтайды

Тойханалардың жұмысы тоқтайды

Елімізде кешеден бері төтенше жағдай жарияланды. Соған сәйкес қауіптің алдын алу мақсатында бірқатар нысанның жұмысына шектеу қойылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы төңірегінде кеңінен айтылды.
Бүгінгі күні жұқпалы індеттің алдын алу, сақтану шарасы кең ауқымда жүргізілуде. Облыста арнайы оқшаулау стационарлары ұйымдастырылып, қажетті жабдықтармен қамтылған. Тиісті дәрі-дәрмекке қол жеткізу үшін республика бюджетінен 2,9 млн теңге бөлінсе, қорғаныш құралдары үшін 6 млн теңге қаржы қаралған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов өңірдегі емдеу орындарының бұған дайын екендігін, орта буын қызметкерлерінің 92 проценті коронавирусты емдеу бойынша біліктілігін арттырғанын атап өтті. Осы орайда маман тарапынан жеке бас гигиенасын сақтау, көпшілік орынға бармау керектігі айтылды. Әсіресе, қарт кісілер мен балаларға, жүкті әйелдерге қауіп жоғары болмақ. Айта кетейік, 9 наурыз күні Германиядан келген ұшақ бортында болған жолаушының бірі облыс орталығындағы оқшаулау стационарда бақылауға алыныпты. Сербиялық азамат қалаға жұмыс істеуге келген. Зертханалық тексеру нәтижесінде одан коронавирус белгісі анықталмаған. Дегенмен, тәртіпке сай 14 күн дәрігерлердің бақылауында болады.
Аталған жағдайға байланысты көлемі 2 мың шаршы метрден асатын ойын-сауық, сауда орталықтарының жұмысы да тоқтатылды. Мұндай ірі сауда нысанынан «Арай сити» молл, «Жібек жолы» ғимаратындағы ойын-сауық алаңдары бар. Ал азық-түлік дүкендері күнделікті азанғы сағат 10-нан кешкі 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Одан өзге, киім-кешек, тұрмысқа қажетті зат сататын сауда орындары тазалық, сақтық шарасын сақтай отырып сағат 11:00 – 17:00 аралығында жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану орны, кафелердің жұмыс уақыты тек кешкі сағат 22:00-ге дейін созылады. Сонымен қатар, оларға бір мезетте 50 шақты адам қабылдауға ғана рұқсат етіледі. Көпшілікті толғандырған той мәселесі бойынша тойхана жұмысы уақытша тоқтатылды.
Белгілі болғандай, мәдени іс-шараға түгелдей шектеу қойылды. Бұл салаға қатысты кітапхана, музей, көрме, театрдағы гастрольдік сапар, үйірме жұмысы қазіргі күні тоқтап тұр.
Білім саласында тек балабақшалар ғана қалыпты режимде жұмыс жасауда. Алайда, ата-ананың баланы бақшаға жібермеу еркі өзінде. Ол үшін бүлдіршіннің бөбекжайға келген уақытына ғана төлем жасалады.
Ал, қызметкерлердің еңбек етуі үш категория бойынша жүргізілмек. Оның І-санатымен мекеме жұмысын жүргізетін (әкімшілік, бухгалтер, техникалық қызметкер, т.б) мамандар еңбек етсе, ІІ- категориядағылар онлайн жүйеде жұмыс жасайды, ІІІ-де қажет жағдайда ақылы, ақысыз еңбек демалысына шығуына болады.

Айдана СЕЙІЛ



16 наурыз 2020 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 019 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам