Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Төтенше жағдай: Карантиндегі қалаларға көліктің кіріп-шығу тәртібі белгілі болды

Төтенше жағдай: Карантиндегі қалаларға көліктің кіріп-шығу тәртібі белгілі болды

Карантинге байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келетін және шығатын жолаушыларды көлік түрлерімен тасымалдауды тоқтатылды.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары аумағында карантин енгізілуіне байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды:

Автомобиль көлігі бойынша

Ағымдағы жылғы 22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына автокөлік құралдарымен жолаушылар тасымалдау тоқтатылады. Ал автокөлікпен транзиттік жолаушылар тасымалдау аталған қалалар аумағына кірместен жүзеге асырылады.

Теміржол көлігі бойынша

Сондай-ақ, 2020 жылғы 22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келетін және шығатын жолаушылар және қала маңы пойыздарының жүруі тоқтатылады. 22 наурыз сағат 00:00-ден кейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы теміржол стансалары арқылы транзитпен өтетін жолаушылар және қала маңы пойыздары жолаушыларды түсірмей және мінгізбей өтеді. Және ағымдағы жылғы 22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы стансаларда жасақталатын және оларға дейін баратын жолаушылар және қала маңы пойыздарымен жолаушылар тасымалдау тоқтатылады.

Әуе көлігі бойынша

Осы уақыттан, яғни ағымдағы жылғы 22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап жүк және халықаралық әуе рейстерінен басқа Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына келетін және шығатын жолаушылар әуе рейстері тоқтатылады.

Төтенше жағдайлар кезеңінде әуе және теміржол көлігімен сапарлардан бас тартатын жолаушыларға билет құны хабарласқан уақытына қарамастан толық көлемде қайтарылатынын айта кету керек.

BAQ.KZ
19 наурыз 2020 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 965 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам