Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда: Германиядан келген 4 азамат карантинге жатқызылды

Қызылорда: Германиядан келген 4 азамат карантинге жатқызылды

19 наурызда Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланды.
«I (а) категория елдерінен өңірге  2020 жылдың 6 наурызынан бері барлығы 4 азамат келген. Оның 3 – ҚР-ның, 1 – Сербия азаматы (барлығы Германиядан келген). Тексеріс нәтижесінде бұл азаматтардан КВИ анықталмаған. 4 азамат та провизорлық стационарға (карантинге) жатқызылды», – делінген аталған ақпаратта.
Ал, I (б) категория елдерінен аймаққа 2020 жылдың 5 наурызынан бері бүгінгі күнге дейін бірде-бір азамат келмеген.
Сондай-ақ, II категориялы елдерден аймақ аумағына 2020 жылдың 5 наурызынан бүгінгі күнге дейін 4 азамат Біріккен Араб Әмірлігінен келген. Барлығы ҚР-ның азаматтары.Қазіргі уақытта олар медициналық бақылауда.
«Бұл категорияларға жатпайтын, бірақ КВИ тіркелген елдерден келген ҚР азаматтарының саны – 3. Олар Иордания, Беларуссия мемлекеттерінен келген. Бұл азаматтар телефон арқылы бақылауға алынды», – деп атап өтті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
19 наурыз 2020 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 019 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам