Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аймақта 4 медициналық-бақылау бекеті жұмысын бастады

Аймақта 4 медициналық-бақылау бекеті жұмысын бастады

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов "Қызылорда-Павлодар" тас жолына қойылған медициналық-бақылау бекетінің жұмысымен танысты. Өңір басшысына қала әкімі және облыстық полиция департаментінің бастығы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Жалпы аймақта бүгіннен бастап Жезғазған, Түркістан, Ақтөбе бағыттары бойынша 4 медициналық-бақылау бекеті жұмыс істейді. Жауапты сала мамандары аймаққа келім-кетім көліктерді тоқтатып, азаматтардың жағдайын тексереді. Қауіпсіздік мақсатында азаматтардың жеке мәліметтері жинақталады.

Аталған бекеттерде облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және полиция департаменті қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.

Аймақ басшысы медициналық-бақылау бекетіндегі сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

"Нұр-сұлтан, Қарағанды қаласынан келген азаматтарды толық тексеруден өткізіп,міндетті түрде арнайы анкета толтыру қажет. Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың барлығы уақытылы, мүлтіксіз орындалуы керек. Сонымен қатар, ірі және шағын сауда нүктелеріндегі азық-түлік сататын бөлімдердегі тазалық талапқа сай болуы тиіс. Залалсыздандыру құрылғыларына, бетпердеге аса мән беріңіздер. Тамақтану орындары кешкі сағат 10:00-ге дейін ал мейрамханалар жұмысын мүлде тоқтату керек. ", – деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
20 наурыз 2020 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 968 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам