Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қала әкімі Н. Нәлібаевтың қала аралауынан: Кәріз исімен емес, Сырдың самалымен демаламыз!

Қала әкімі Н. Нәлібаевтың қала аралауынан: Кәріз исімен емес, Сырдың самалымен демаламыз!

   Былайғы жұрт қала қақпасынан енгеннен-ақ сезілетін кәріз исіне әзіл-шыны аралас «Қызылорданың француз әтірі» деген айдар тағатынын естіп жүрміз. Әзіл болғанымен астарында ащы мысқыл бар. Айтылған сөзден өзіміз шамданып қалсақ та, олқылық алдында дәрменсіз едік. Себебі, бұл – бір күндік емес, жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе. Қызылорда қаласының кәріз жүйесінің қолқаны қапқан жағымсыз исі қаланың үлкен проблемасына айналғалы көп уақыт болды. Оған қоса, қала басшысына айтар екі уәж болса, бірі – осы тақырып төңірегінде өрбитін. «Ендігі қаланы жағымсыз иістен арылтар шешім болмас» деген халыққа әкім сөзі қайта үміт сыйлады. Бір кездері қоқысты Қызылорданы таза қала айналдыруға болатынын іспен дәлелдеген шаһар басшысы жағымсыз иістен арылудың да жолын тапты. Тұрғындар «Жағымсыз иістен қалай құтыламыз» деп дәрменсіздік танытқанымен, әкім дәрменсіздік танытпады.
    Қала орталығында орналасқан №19 кәріз насостық станциясына барған шаһар басшысы БАҚ өкілдеріне қуанышты хабарды сүйіншіледі. Нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі де шешімнің бір бөлігі екен. Жағымсыз иістен арылудың жолын «Қызылордада су жүйесі» КММ директоры Марат Жәмиев былайша түсіндірді: «Бұл жобаның ерекшелігі – қаладағы кәріз насостық станцияларына Швеция елінде жасалынған, энергоүнемдегіш «Флюгт» маркалы насос қондырғылары орнатылады. Станциялардың қабылдау камераларына қатты қалдықтарды ұнтайтын автоматты қондырғылар қарастырылған. Вентиляция жүйелерінде газоанализаторлары автоматты түрде қосылып, филтрлері көміртек тотығы газдарын атмосфераға тазартып шығарып отырады».
  Жалпы «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы арқылы қаладағы 23 дана кәріз насостық станциясын қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Нысандарды жөндеу жұмыстарын елордалық «Vic LTD» ЖШС жүргізуде.
Қаладағы кәріз насостық станциялардың көбі 1968-70 жылдары іске қосылған. Көбі ескіріп, тозығы жеткен. Жарты ғасырдан соң қайта жаңарған кәріз насостық станциялардың құрылыс монтаж жұмыстары аяқталса, жаңа қарқын алады. Тіпті нысан автоматты түрде жұмыс жасап, кезекші жұмысшыларды қажет етпейтін болады. Жұмыс жасау режимі «Скада» жүйесі арқылы орталық диспетчер бөліміне жіберіледі.
  – Бізге ең алдымен адам өмірі қымбат. Сондықтан осы жоба аясында біз мұндай қауіп-қатердің алдын алатын боламыз. Енді қаладағы кәріз насостық станцияларындағы жұмыстар еуропалық стандарттарға сай болады. Негізі мердігер компания жұмысты алдағы маусым айында аяқтауы қажет. Дегенмен жұмыс барысы біздің қатаң бақылауымызда болғандықтан 1 мамырға дейін толық аяқталуы керек. Сол уақытта қаладағы 23 кәріз насостық станцияны іске қосатын боламыз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
  Айта кетейік, қаладағы 62 КНС-тің 8-і ғана жаңа, қалғаны өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары салынған және ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана жүргізілген еді. Қолға алынған игі шараның келесі кезеңінде 31 станция қайта жаңғыртылады. Бұл бастаманың қала тұрғындары үшін маңызы ерекше. Себебі жұмыстар толық аяқталса, қызылордалықтар үшін кәріз жүйесінің қолқаны қабатын қолайсыз иісінен құтылатын мүмкіндік туады. Жөндеу жұмысының басты міндетінің бірі – осы. Мұның тиімділігі көп. Біріншіден, тұрғындар жиі шағымданатын жағымсыз иіс мәселесі шешіледі. Екіншіден, КНС автоматты түрде қосылып-ажыратылады, сондықтан қосымша жұмыс күші қажет болмайды. Ең бастысы, адам өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Өйткені осындай орындарды жөндеу кезінде жұмысшылар қайтыс болғанын білесіздер. Міндеттеме бойынша мердігер 23 КНС-ті мамыр айына дейін іске қосуы тиіс, – деді қала әкімі.

Е.БАЛТАБЕКҰЛЫ







20 наурыз 2020 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

№21 (1622)

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 904 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам