Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Болат Назарбаевтың қоры коронавирусқа қарсы күреске 150 миллион теңге бөлді

Болат Назарбаевтың қоры коронавирусқа қарсы күреске 150 миллион теңге бөлді

Елбасының үндеуінен кейін Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоры өз қаражатынан Covid-19 вирусымен күресу үшін 150 миллион теңге бөлді.
"Елбасының үндеуі қоғамның әрбір мүшесіне әсер етті. Біз барлық күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді Елбасының халыққа жолдауында көрсеткен әрбір тармағына қол жеткізу үшін жұмсаймыз", - деді қоғамдық қор басшысы Қасым Қасабеков.
Айта кетейік, бұл қоғамдық қор қызметін 2016 жылдың сәуір айында бастаған. Қор жанында тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға арналған "Берекелі үй" арнайы пансионаты жұмыс істейді. Орталық 50 орынға есептелген. Мұнда тәрбиеленушілер бес рет тегін тамақпен, киім-кешекпен және оқу үшін кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етілген.
Қордың негізгі қызметі - Алматы қаласы бойынша аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қаржылай қолдау және азық-түлікпен ай сайын қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда 130-дан астам отбасы қордың қамқорлығында.
22 наурыз 2020 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 140 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам