Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың 78% - әйелдер

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың 78% - әйелдер

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жағдайының статистикалық деректерін жариялады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылы 22 қаңтардан бастап, Нұр-Сұлтанда инфекциялық стационарлар мен провизорлық стационарлар ашылды. 28 қаңтардан бастап, онда 1942 пациент жатты. Оның ішінде 109 адам немесе 6% - 18 жасқа толмаған. 22 наурыз сағат 10.00-дегі жағдай бойынша 1234 адам коронавирус күдігімен стационарда жатыр. Оның 61-і - балалар», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының 31 жағдайы тіркелді. 30 науқас - Қазақстан азаматтары болса, 1-еуі — шетелдік. Олардың 32% немесе 10 науқас - ер адам, 78% немесе 21 науқас - әйелдер. Жас құрылымы бойынша, 21 оқиға немесе науқастардың 68% - 30-49 жас аралығында. 18 жасқа толмаған 2 бала бар және 18-29 жас аралығындағы 3 науқас бар. 50-29 жас аралығында - 4 адам және 60 жастан асқан 1 науқас тіркелген. Науқастардың 26% немесе 8 оқиға 1А санатындағы елдерден келген рейстен түсірілген жолаушылар.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 56 науқас тіркелді. Нұрсұлтан қаласында 31 адамда короновирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында - 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында 1 адам.
 Бұған дейін басқарма басшысы елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға келген 600-ге жуық жолаушының тексеріліп жатқанын хабарлады.
22 наурыз 2020 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 140 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам