Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Төтенше жағдай кезінде беташар жасаған тұрғын жазаланды

Төтенше жағдай кезінде беташар жасаған тұрғын жазаланды

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде беташар тойын жасаған тұрғынға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде күндізгі және түнгі рейд жұмыстарын жүргізген. Кезекті рейд барысында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Жаңаауыл әкімшілігіне қарасты ауылдардың бірінде тұрғын-үйінің ауласында келін түсіріп, беташар тойын жасап, туыстарын жинаған тұрғын анықталған. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 жылғы Жарлығының талаптарын өрескел бұзған тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы "Төтенше жағдай режимiн бұзу" бойынша хаттама толтырылып, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, айыппұл салынған.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жариялады.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында  2020  жылғы  16  наурыздағы 08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін", - деді Президент.  
22 наурыз 2020 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (1662)

11 тамыз 2020 ж.

№60 (1661)

08 тамыз 2020 ж.

№59 (1660)

04 тамыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 858 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам