Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңа жылды қарсы алу немесе қарбалас қала тіршілігі

Жаңа жылды қарсы алу немесе қарбалас қала тіршілігі

Ұлыстың ұлы күні де келіп қалды. Қазақшы жыл қайыру бойынша тышқан жылы. Әр жылға анықтама беретін сәуегейлер тышқан жылын табысты, молшылық жылы деп баға береді. Еңбек еткеннің несібесіз қалмайтынын ұрпағына насихаттаудан жалықпайтын қазақ үшін жылдың жаманы жоқ. Ең бастысы, еліміз тыныш, айналамыз аман, берекелі жыл болғай деп тілейтін қазақ жыл басын да осы тілекпен қарсы алады.
Биылғы жыл қазақ елі үшін ғана емес, әлем жұртшылығы үшін оңай болып тұрған жоқ. Әлемді жайлаған коронавирус тек сақтанауды талап етіп отыр. Елімізде төтенше жағдай жарияланып, мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды айтпағанда, отбасылық той-думан, басқосуларға да тыйым салынды. Сол себепті де биылғы ұлыстың ұлы мерекесінің жөні бөлек. Наурыз айы басталғаннан жаңа жылға ерекше дайындалатын қазақ бұл мейрамды жыл сайын көше-көше, ауыл-аймақ болып, бір қазаннан ас ішіп, кез келгенді жатырқамай құшағын жайып қарсы алып, бауырына басып жататын кең пейіл қалыппен қарсы алатынымен ұлыстың ұлы мейрамы сондай жылы!
Коронавирустан сақтану сергектікті талап еткендіктен, дәл қазір қала қарбаласында сақтық шараларын жүргізу басты назарда. Шаһар басшысы қаладағы көпшілік жиі бас сұғатын қоғамдық орындарды аралап, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап жүр. Тұрғындарға мұндай сәтте қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету, баға тұрақтылығы да қала билігінің басты назарында. Қоғамдық көліктерге дейін санитарлық талаптарды сақтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жұмысты қашықтықтан жасап, үйде отырған тұрғындар жаңалықтардан көріп отыр. Қашықтықтан демекші, биылғы наурыз мейрамын да әркім өз отбасында қарсы алуымен ерекше болғалы тұр. Мереке сылтауымен үлкені наурыз көже ішуге, жасы достарымен қыдыруға емес, әр отбасы аман-есен төрт көзі түгел өз отбасында қарсы алмақ. Ал кеңпейіл қазаққа ағайын-туыс, дос-бауырды жаңа жылмен құттықтап, құшақтаса көрісуді қашықтықтан да жасауға болады. Ең бастысы, жүрекпен, шын көңілмен айтылған тілек жүректен-жүрекке жететіні даусыз.
Алаң көңіл жағдайында тышқан жылына қалай жеттік деп, қала тіршілігіндегі табыстарды тізбелеп айтудың өзі артық болар деп санадық. Әйтпесе, Сырдың бас қаласында атап айтар табысты жобалар аз емес. Тышқан жылында жүзеге асар жобалар, пайдалануға берілетін жаңа үйлер, жөнделетін көшелер де аз болмайтынын қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы халыққа есепті жиынында айтқан болатын. Бұл туралы қала газеті «Ақмешіт апталығы» оқырманға жеткізіп келеді.
Дәл қазіргі мәселе – елді коронавирустан сақтау шаралары. Қала қарбаласы де сақтық шараларына бағытталып тұр. Бүгінде қала билігі күн сайынғы жұмыс тәртібін қаланы аралаудан, сақтық шараларын, елдің амандығын сақтауға бағытталған шаралар жүргізуде. Бұл жағдайда қарапайым қала тұрғындарының қосар үлесі – төтенше жағдай кезіндегі сақтық шараларына айрықша назар аудару.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА






21 наурыз 2020 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 140 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам