Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Ел арна» мен «Балапан» телеарналарында оқушылар үшін сабақ өтеді

«Ел арна» мен «Балапан» телеарналарында оқушылар үшін сабақ өтеді

Сабақты Назарбаев зияткерлік мектептерінің, республикалық, халықаралық, жекеменшік оқу орындарының үздік мұғалімдері өткізеді.
6 сәуірден бастап «Балапан» мен «Ел арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ өтеді. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді.

«Қазір әр күн осы телесабақтың арнайы түсірілімі жүріп жатыр. Балалар үшін екі мыңнан аса телесабақ дайындалады. Нұр-Сұлтан мектептерінің, Назарбаев зияткерлік мектептері, республикалық, халықаралық, жекеменшік мектептердің үздік педегогтері еліміздің барлық оқушысы үшін сабақ өткізеді. Мұғалімдерге тек қолдау керек», — деді Қаринова.

Қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап демалысқа шыққан еді. 6 сәуірден төртінші тоқсан басталады, балалар қашықтан оқытылады.
«Қашықтықтан оқыту мектепте қырық минутқа созылатын сабақ емес. Бұл жерде басқа әдіс, басқа принциптер қолданылады. Қиын-қыстау кезеңде мұғалімдерді онлайн сабақ түсіруге мәжбүрлеп жатыр деген жаңсақ пікірден аулақ болайық», — деді ол.

Қаринова мектептердің бір бөлігінде сапалы интернет жоқ екенін мойындады. Кейбір балаларда компьютер де жоқ.
«Бұл мәселелердің әрбірі жеке шешіледі»,- деп атап өтті вице-министр.

Қазіргі уақытта елімізде барлығы 88 адам коронавирус жұқтырды.

26 наурыз 2020 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 140 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам