Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қашықтан оқыту әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді

Қашықтан оқыту әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді

    Негізгі қашықтан оқыту процесі әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде қашықтан оқыту процесін бастауға дайындық жұмысы жүргізілуде. Жұмыс тобы құрылды. Әлем елдерінің қашықтан оқыту тәжірибесі зерделенді. Министрлікте құрылған жобалық кеңсенің ұсыныстарын ескере отырып, өз тұжырымдамамызды айқындадық. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады», - деді министр. Оның атап өтуінше, телевидениеге 2 мыңнан астам сабақ түсірілетін болады. Қазіргі таңда мұндай сабақтардың 200-ге жуығы дайын. «Бір айтып өтетін жағдай, бұл ресурстардың барлығы педагогқа және оқушыға қосымша ақпарат болып саналады. Негізгі қашықтан оқыту процесі әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді. Сабақты өткізу уақыты 30 минутты құрайды. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байланысты «Күнделік», «Білім ал» мектеп жүйелері арқылы орнататын болады. Барлық әдістемелер, нұсқаулықтар дайын», - деді Дәурен Абаев.

26 наурыз 2020 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 140 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам