Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көктемгі дала жұмыстарына дайындық қалай?

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық қалай?

Көктем шуағы төгіліп, жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталады. Бұл - күзде жиғанын кәдеге жаратқан егіншілердің тағы да қарбаласқа түсетін, құнарлы еңбектің қызатын шағы. Техникаларды дайындау, шаруашылық жұмыстарын қамдау - ауыл шаруашылығы саласы мамандарының құзырында. Осы орайда көктемгі дала жұмыстары жайы бүгіннен бастап өзекті саналады.
Қалаға қарасты барлық нысан бойынша 7395 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру межеленген. Оның 3033 гектары күріш, 20 гектары жаздық арпа, 292 гектары жаздық бидай, 70 гектары күздік бидай, 5 гектар сұлы, 40 гектары мақсары, 356 гектар жаңа жоңышқа, 600 гектар картоп, 1086 гектар көкөніс, 877 гектар бақша дақылдарын егу және 1016 гектар ескі жоңышқаны күтімге алу жоспарлануда.

Себуге тұқым дайын

Ерте көктемде егілетін жаздық бидай, арпа, жаңа жоңышқаны наурыз айында, ал негізгі күріш дақылын егу мамыр айынан басталады. Биылғы егіс маусымына 850 тонна күріш, 69 тонна жаздық бидай, 1 тонна сұлы, 6,9 тонна жоңышқа тұқымы есептелген.
Қазіргі таңда қолда бар 1016 гектар ескі жоңышқанының 550 гектары және күздік бидайдың 70 гектары тырмаланып, суарылды. Сонымен қатар, ерте көктемде егілетін 292 гектар жаздық бидайдын 42 гектары және 356 гектар жаңа жоңышқаның 100 гектары егілді.
Күріш тұқымының бүгінгі күнге дейін 425 тоннасы, немесе 50 пайызы «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ-ың Қызылорда бөлімшесінің зертханасына сапасы мен шығымдылығын анықтау мақсатында тапсырылған. Оның 220 тоннасы 1-ші класты, 205 тоннасы 2-ші класты дәрежеде . Қалған көлемдерін тапсыру жұмыстары жүргізілуде.
«Көктемде түскен бір дән, күзді күні мың дән болады» дегендей, тұқым себу жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізгенде жыл сайын жаңарып отырған рекордтық көрсеткішке биыл да өзгерістер енгізері анық. Оның үстіне, қамбаны қызылға толтырып, мол өнім алу – диқандардың мерейі.


Тыңайтқыштар тасылуда

Өнім сапасына минералды тыңайтқыштардың маңызы зор. Осы ретте биылғы жылға 3576 тонна тыңайтқыш қажет. Оның 2982 тоннасы азот, 594 тоннасы фосфорлы тыңайтқыш. Қажеттілікті өтеу мақсатында отандық тыңайтқыш өндірушілер «Қазфосфат», «КазАзот» ЖШС және шетелден тыңайтқыш жеткізушілер «Алтын Орда» мен «Агрохимсервис» ЖШС-гі арқылы алуға келісім шарт жасалды. Бүгінгі күнге дейін тыңайтқыштар жеткілікті деңгейде сатып алынып, қажеттілікті 100 пайызға орындап отыр.

Техника күші

Орақшы – бір кісі, комбайын – мың кісі. Иә, қазір техниканың күшімен адам жасар күндік жұмысты аз уақытта бітіруге болады. Арнайы құрылғылары бар техникалар барлық жұмысты тындырып алуға тиімді. Осы ретте, егін егу, оны күтіп-баптау, жинау жұмыстарына 74 дана трактор, 21 дана тіркеме құралы, 21 дана соқа, 9 дана дән сепкіш және 2 дана жүк көлігі толығымен жөндеуден өткізіліп, көктемгі дала жұмыстарына қатысуға дайын.


Жағар майсыз көлік жүрмес

Биылғы егін егу науқанына барлығы 705 тонна жағар май (дизель) отыны қажет. Ол жеңілдетілген бағада ауыл шаруашылығы құрылымына 178 тенгеге сатылатын болды. Қазіргі таңда дизель отынын жеткізіп беруші «Нефть Транс Қызылорда» ЖШС және «РК-мұнай» ЖШС белгіленіп, келісім-шарт жасалуда.
Дән себу жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтау, топырақ құнарлығын арттыру, өндірістің озық технологияларын енгізу, тыңайтқыштарды пайдалану секілді егіс алқаптарында осындай кешенді шараларды жүйелі түрде жүргізілу үстінде.

Су молшылық

Судың кедергісіз ағуына байланысты су жүйелерін тазарту жұмыстары шаруашылықаралық каналдар 81,6 мың текше метр, ішкі шаруашылық каналдары 12 мың текше метр болып белгіленген. Бүгінгі күнге дейін шаруашылықаралық және ішкі шаруашылық каналдардың 13 мың текше метрі тазаланды.
Гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары бойынша 2 дана шаруашылық аралық каналдар, 6 дана ішкі шаруашылық каналдары және 20 дана гидробекеттерін жөндеу жоспарланған. Жөндеу жұмыстары сәуір айында толығымен аяқталады деп күтілуде.
Су тапшылығын алдын алу мақсатында қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі және «Қызылорда Сушар» өндірістік учаскесімен бірлесіп, іс-шара жоспар дайындалды. Сонымен қатар 6 наурызда Қала әкімінің орынбасарының төрағалығымен су тапшылығын алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Наргиза БЕКТАЕВА.
27 наурыз 2020 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 145 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам