Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда қаласында 26 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

Қызылорда қаласында 26 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

Қазіргі азық-түлік тауарларының бағасы бақылау басты назарда тұр. Өйткені халық көп тұтынатын тауардың нарқы қалтаға сай келуі тиіс деген ұстаным бар. Сол үшін атқарушы билік барлық мүмкіндікті қосып отыр. Осыған орай Қызылорда қаласы әкімінің тікелей тапсырмасымен жедел штаб мүшелері қаладағы бірнеше базарды аралап шықты.
Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімімен бірге алдымен ең қажетті деген ұн, май, сүт, картоп, сәбіз, жуа, т.б. өнімдердің бағасына аса мəн берді. Сатушылармен бірге тұтынушылардың пікірлерін тыңдады.
Қазіргі уақытта астық нарығындағы қымбатшылық жағдайға байланысты өңірлік тұрақтандыру қорына алынған ұн әлеуметтік нан пісіретін наубайханаларға төмен бағада беріліп, бүгінгі таңда әлеуметтік дүкендерде 55 теңгеден сатылуда. Қалада әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Халық ең көп тұтынатын әлеуметтік дүкен сөрелеріндегі азық-түлік өнімдері: нан 55 теңге, 1 сортты бидай ұны кг 126 теңге, картоп 83, жуа 55, сәбіз 82, сиыр сүті 230, сиыр еті 1550 теңге/кг сатылуда.
Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлар бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында қалада "Алтын қамба" қоры жұмыс жасауда. Бүгінгі күнде қала орталығында 26 әлеуметтік дүкен жұмыс жасауда. Жыл ішінде халық тығыз орналасқан аумақтардан тағы да әлеуметтік дүкендер салу жоспарлануда.
Әлеуметтік маңызы бар халық көп тұтынатын 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қаладағы ірі сауда орындарымен келісімге отырып, қала халқын нарық бағасынан 10-15 пайызға төмендетілген өнімдермен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда.
Жедел штаб мүшелері азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсуіне жол бермеу және олардың тиісті қорын жасақтау, сұранысқа сәйкес тауарлар бағасының қол жетімді болуына жағдай жасау шараларын басты назарға алды.

Балгүл МӘМЕН,
Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі.
Суретті түсірген: Бахтияр АЛМУСАЕВ.






Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Байланыс: + 7 778 873 57 99
Фото: Бахтияр Алмусаев

27 наурыз 2020 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 140 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам