Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордадағы әлеуметтік дүкендерде азық-түлік қаншадан сатылуда?

Қызылордадағы әлеуметтік дүкендерде азық-түлік қаншадан сатылуда?

Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қажетті қорын қалыптастыру шаралары атқарылуда.

Бүгінгі күнге облыс бойынша бөлшек сауда орындары мен базарларды қоспағанда, үлкен сауда орындары мен қоймалардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры 10 мың тоннадан асады.
Оның ішінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорында 4,3 мың тонна өнім бар, атап айтқанда нақты қоймада 1,7 мың тонна, сауда әріптестері «Мирас» және «Ажар» сауда үйлерінде 2,6 мың тонна өнімдер бар.

Тұрақтандыру қорындағы өнім көлемі мен әлеуметтік дүкендеріндегі бағаларға келер болсақ:
– ұн 1590,8 тонна (125 тг./кг);
– күріш 490 тонна (200 тг./кг);
– қант 326 тонна (230 тг./кг);
– макарон 270,5 тонна (150 тг./кг) ;
– картоп 450,0 тонна (83 тг./кг);
– сәбіз 188 тонна (82 тг./кг);
– басты пияз 390,0 тонна (55 тг./кг);
– қырыққабат 120 тонна (120 тг./кг);
– өсімдік майы 186,3 тонна (340 тг./кг);
– қарақұмық жармасы 138,0 тонна (310 тг./кг);
– сиыр еті 124 тонна (1550тг./кг),
– құс еті, 30,0 тонна (710 тг./кг);
– сүт 8,0 тонна (240 тг./кг),
– айран 1,2 тонна (255 тг./кг);
– сүзбе 0,1 тонна (750 тг./кг);
– сары май 9 тонна (470 тг./кг);
– жұмыртқа 12,0 мың дана (28 тг./дана);
– тұз 18,0 тонна (40 тг./кг) сатылуда.
Одан бөлек, Қызылорда қаласы мен аудандарда, көтерме сауда орындарында 5,7 тонна өнім бар.

Қызылордада әлеуметтік дүкендер қай аумақтарда орналасқан?

Қазіргі таңда облыста 26 әлеуметтік дүкен жұмыс жасап тұрса, жыл аяғына дейін қосымша 34 дүкен ашылуы жоспарлануда.
Барлық әлеуметтік дүкендерде 19 әлеуметтік тауарларымен бірге басқа да күнделікті қажетті өнімдер төмен бағада сатылуда.
Жыл басынан азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына жол бермеу мақсатында, облыс бойынша тұрақтандыру қорының өнімдерін автокөлік үстінен сату жұмыстары ұйымдастырылып келеді.

Қала аумағындағы әлеуметтік дүкендердің мекенжайына да назар аударыңыз.

1)КБИ шағын ауданы, Жаппасбай батыр көшесі
2)«Универсам» мөлтек ауданы
3)Ескі базардағы (Пилот дүкені жаны)
4)Назарбаев көшесі, («S’mall» СҮ қарама қарсы);
5)Астана шағын ауданы, Қараша көшесі
6)Арай-2 мөлтек ауданы
7)3-і іріленген квартал, (Ескі базар (Пилот дүкені жаны)
8)Тасбөгет кенті, Бозғұлов көшесі, нөмірсіз, (Балалар ауруханасы жаны);
9)Тасбөгет кенті, Сейтпенбетов көшесі, нөмірсіз (№272 мектеп жаны);
10)Торайғыров көшесі, (Ақмаржан ауданы);
11)Мерей мөлтек ауданындағы дүкен (Сырдария сауда үйі жаны)
12)Төле би көшесіндегі (ГОВД жанында)
13)Амангелді көшесі, нөмірсіз (Жанар клиникасы жаны);
14)Жұмабаев көшесі, нөмірсіз («Шанхай» шағын ауданы, 212 мектеп жаны);
15)Байтерек шағын ауданы
16)Құлагер шағын ауданы
17)Саяхат шағын ауданы, А.Айдосов көшесі
18)Наурыз шағын ауданы Б.Жөнбаев көшесі
19)Белкөл кенті
20)Қызылжарма ауылы, Батырбаев көшесі
21)С.Лапин көшесі, нөмірсіз (Шанхай ауданы)
22)Абай көшесі, нөмірсіз (Салық басқармасы жаны)
23)Байтерек шағын ауданы
24)Қасымхан көшесі нөмірсіз, 264 мектеп жаны
25)«Универсам» мөлтек ауданы
26) «Арай» шағын ауданы, А.Муслимов көшесі


27 наурыз 2020 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 146 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам